"Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1001 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1378 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1001 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламада:
      «Бағдарлама паспорты» деген 1-бөлімде:
      «Күтілетін нәтижелер» деген сөздер «Нысаналы индикаторлар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Күтілетін нәтижелерде»:
      мына:
      «Химиялық өнімдерді өндіру жалпы көлемін 2 есеге арттыру.
      Химиялық өнімдерді экспорттау көлемін 2 есеге арттыру.» деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жалпы қосылған құнды нақты мәнде 2008 жылғы деңгейге қарағанда кемінде 70 % ұлғайту;
      «Химия өнеркәсібі өнімін экспорттау көлемін нақты мәнде 2008 жылғы деңгейге қарағанда 38 % ұлғайту.»;
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісіндегі еңбек өнімділігін нақты мәнде 2008 жылғы деңгейге қарағанда 2 есеге ұлғайту.»;
      «Ағымдағы жағдайды талдау» деген 3-бөлімде:
      мынадай мазмұндағы 4-кіші бөліммен толықтырылсын:
      «4. Нысаналы технологиялық бағдарламалар арқылы іске асырылатын сындарлы технологиялардың тізбесін қоса алғанда, саланы (секторды) инновациялық-технологиялық дамытуды талдау.
      2010 - 2011 жылдар кезеңінде Корея ғылымды және технологияларды бағалау және жоспарлау институтының (КИСТЕП) әдіснамалық сүйемелдеуімен 2020 жылға дейінгі бірінші ғылыми-технологиялық форсайт (болжау) өткізілген. Бұл ел үшін ғылыми-технологиялық дамудың басымдықтарын және елдің ғылыми-технологиялық дамуының мақсаттары мен міндеттерін айқындауға мүмкіндік берді. Объективті пікірді қалыптастыру және сарапшыларды кеңінен қамту үшін Дельфи әдісі қолданылды, оның шеңберінде кәсіпкерлік, ғылыми және академиялық секторлардың 600-ден астам өкілімен онлайн сауалнама өткізілді.
      Қазіргі уақытта КИСТЕП сарапшыларының әдіснамалық қолдауымен химия өнеркәсібі саласында өткізілген форсайттық зерттеулердің негізінде химия және мұнай-химия саласында 2 пилоттық нысаналы технологиялық бағдарламалар әзірленді: «Полимерлерден және эластомерлерден ерекше қасиеті бар өнімді алу технологиясы» және «Мұнай-газды қайта өндіру процестері үшін катализаторларды әзірлеу технологиясы». Нысаналы технологиялық бағдарламалар бизнестің технологиялық проблемаларын шешу үшін барлық мүдделі тараптарды (мемлекет, бизнес, ғылыми қоғамдастық) күштерін жұмылдыру құралы болып табылады.
      «Полимерлерден және эластомерлерден ерекше қасиеті бар өнімді алу технологиясы» нысаналы технологиялық бағдарламасын әзірлеу өзектілігі мынада.
      Химиялық технологиялар іс жүзінде материалдық өндірістің барлық саласына өтеді, металлургияда, агроөнеркәсіптік кешенде, құрылыс материалдары өнеркәсібінде, медицинада және фармацевтикада, сондай-ақ экономиканың нақты секторының көптеген басқа да салаларында және тұрмыста қолданылады.
      Қазіргі уақытта әлемде жылдам дамып келе жатқан өнеркәсіп бағыттарының бірі ерекше қасиеті бар полимерлік материалдар өндірісі болып табылады.
      Ерекше қасиеті бар полимерлік және эластомерлік өнім өнеркәсіптің әртүрлі салаларында және халықтың тұтыну тауарлары ретінде кең қолданысқа ие.
      Өнімдердің осындай түрлерінің артықшылығына:
      1) төмен тығыздықтағы жоғарғы төзімділік, ол машиналар мен тетіктердің конструкцияларындағы болатты алмастыруға мүмкіндік береді;
      2) агрессиялық ортаның әсеріне төзімділік, бұл олардан жасалған бұйымдарды қорғаныс жабындарын қолданбай ұзақ мерзім пайдалануды қамтамасыз етеді;
      3) олардан жасалған бұйымдардың төмен материал сыйымдылығы, ол ұтқыр техникаларды пайдалану салмағын және шығындарын төмендетуге мүмкіндік береді;
      4) күрделі нысандағы ірі габаритті бұйымдарды қымбат тұратын жабдықтар мен жарақтарсыз дайындау мүмкіндігіне негізделген жоғары технологиялық;
      5) қолданылатын қоспалардың түріне байланысты жылу-және электрөткізгіштікті, радио және жарық өткізуді кең көлемде реттеу мүмкіндігі;
      6) арнайы жабдықты қолданбай «далалық» жағдайларда жөндеу мүмкіндігі;
      7) полимерлерден жасалатын бұйымдардың өндірісін ұйымдастыруға кететін төмен күрделі шығындар;
      8) температуралардың және кернеулердің кең диапазонындағы жұмыс қабілеттілігі.
      Қазіргі заманғы ғылым полимерлердің және эластомерлердің құрамы мен құрылысын өзгертіп, оларға қойылатын талаптарды барынша толық қанағаттандыруына қол жеткізе отырып, арнайы ерекше қасиеті бар өнімдерді жасауға мүмкіндік береді.
      Қазақстанда бар ғылыми-техникалық және өндірістік әлеует өнеркәсіп салалары мен халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін республикада сапалы жаңа полимерлік материалдар жасауды болжауға мүмкіндік береді.
      Ерекше қасиеті бар полимерлік материалдарды әзірлеу және пайдалану саласындағы ғылыми-техникалық дамуға жүргізілген талдауға сүйене отырып және осы бағытта қалыптасқан әлемдік үрдістерді, сондай-ақ шикізаттық және ресурстық мүмкіндіктерді ескере отырып, таңдалып алынған сындарлы технологияларды іске асыру міндеті республикада өте өзекті болып табылады.
      «Мұнайды, газды қайта өңдеу және мұнай, газ-химия процестері үшін катализаторды әзірлеу технологиялары» нысаналы технологиялық бағдарламасын әзірлеу өзектілігі мынада болып табылады.
      Термодинамика және химия заңдарына сәйкес катализаторлар реакцияның энергетикалық азырақ күрделендірілген жолдарын қамтамасыз етеді, бұл қайта өңдеу және химия өнеркәсібінде шикізатты тиімдірек пайдалануға мүмкіндік береді. Катализаторлар өнімнің өзіндік құнын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді және әдетте оның сапасын жақсартады. Каталитикалық процестердің негізгі мақсаты жоғары сапалы өнімдер алу болып табылады.
      Бағдарлама шеңберінде жаңа, анағұрлым жетілдірілген, дәстүрлі және жаңа шикізатты қайта өңдеу үшін қолдануға болатын катализаторлар жасалады. Жаңа катализаторлар, жаңа және түрлендірілген процестер, шикізаттың жаңа көздерінің өзгертілген экономикасы, саяси жағдайлар мен қоршаған ортаны қорғауға байланысты шектеулер туғызатын өзгерістер өнеркәсіптік катализде жұмыс істейтін ғалымдар мен инженерлерге ерекше талаптар қояды.
      Өнеркәсіпте катализді қолдану каталитикалық белсенділікті теориялық болжаудан бастап катализаторды дайындау өнеріне дейін кең саланы қамтиды. Катализаторды таңдаудан басқа оны өндіру әдісін, белсенділігін және сапасын бақылауды сынау әдістерін білу қажет.
      Тиімділігі жоғары және селективті катализаторларды әзірлеу және өндіру әрі оларды өнеркәсіпте пайдалану мәселесін пысықтау мұнай мен газды өңдеу бойынша өндірістің техникалық-технологиялық және экологиялық өлшемдерін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.
      «Мұнайды, газды қайта өңдеу және мұнай, газ-химия процестері үшін катализаторды әзірлеу технологиялары» нысаналы технологиялық бағдарламасын іске асыру жинақтала келе, мұнай-газ өңдеуші және мұнай-химия өнеркәсібін орта және ұзақ мерзімді перспективада ғаламдық және ұлттық проблемаларға сәйкес келетін анағұрлым жоғары технологиялық деңгейде шығаруды қамтамасыз ететін ғылым, өндіріс, технологиялар мен инновациялар саласындағы анағұрлым қағидатты міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.»;
      «Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері, нысаналы индикаторлары және іске асыру көрсеткіштері нәтижелері» деген 4-бөлімде:
      «Нысаналы индикаторлар» 2-кіші бөлімде:
      кестедегі мына:

      «

Атауы

өлшем бірлігі

Ақпарат көзі

2009 ж

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Химия өнімінің ішкі өндірісі 2 есеге артады

млрд. теңге

СА

85,5

98

115

116

175

177

Жоғары өңделген химия өнімінің экспортын 2 есеге арттыру

млрд. теңге

СА

6,7

6,8

7,3

8,4

10,5

13,5

                                                                    »

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

Көрсеткіштің атауы

өлшем бірлігі

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Жалпы қосылған құнды нақты мәнде 2008 жылғы деңгейге қарағанда кемінде 70 % ұлғайту

%

100

75,7

91,9

118,3

122,1

156

177,8

Химия өнеркәсібі өнімін экспорттау көлемін нақты мәнде 2008 жылғы деңгейге қарағанда 38 % ұлғайту

%

100

33,1

58,1

105,8

110,7

123,7

138,8

Химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісіндегі еңбек өнімділігін нақты мәнде 2008 жылғы деңгейге қарағанда 2 есеге ұлғайту

%

100

60,0

150,6

198,6

226,2

185,5

202

                                                                   »;

      «Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» деген 5-бөлімде:
      «Өндірістерді технологиялық жаңғыртуды қамтамасыз ету» деген 2-кіші бөлімдегі төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі - Заң) іске асыру мақсатында Заңның 20-бабында көрсетілген тоғыз бағыт бойынша өтінімдік сипаттағы инновациялық гранттарды ұсыну түрінде мемлекеттік қолдау жүзеге асырылады.»;
      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі шығындардың бір бөлігін өтеу және (немесе) төлеу арқылы индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне инновациялық гранттар беру мәселесі пысықталатын болады.»;
      «Минералдық шикiзат базасын дамыту» деген 3-кіші бөлім мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Химия өнеркәсібі үшін шикізаттың кен орындары бойынша іздестіру жұмыстары жүргізілетін болады»;
      «Әкімшілік кедергілерді жою» деген 4-кіші бөлім мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасының аумағында химиялық өнімнің айналымын реттеу саласындағы рәсімдерді жеңілдету мақсатында химиялық өнімді тіркеу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет ішінара автоматтандырылатын болады.
      «Инфрақұрылымдық қамтамасыз ету» деген 5-кіші бөлім мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Жамбыл облысында кешенді минералды тыңайтқыштар өндірісі бойынша зауыт құрылысының жобасын энергетикалық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесі пысықталады.
      Жамбыл облысында кешенді минералды тыңайтқыштар өндіру зауытын, Оңтүстік Қазақстан облысында азот-фосфор тыңайтқыштарын өндіру зауытын салу жобаларын көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету мәселесі пысықталатын болады.»;
      «Өткізу нарықтарына тиімді қолжетімділікті қамтамасыз ету» деген 6-кіші бөлімде үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «2011 - 2018 жылдар кезеңінде Еуропалық одақ (бұдан әрі - ЕО) елдерінің аумағы арқылы (ЕО елдерінде 2011 жылдан бастап оларға тыйым салынуына байланысты) сары фосфор тасымалдау үшін цистерналардың жүруіне арналған арнайы рұқсатнама алу мәселесі шешілетін болады.»;
      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Химия өнімдерін экспорттауға лицензия алу рәсімі жеңілдетіледі, әрбір министрлікте келісімдер беру мерзімі қысқартылатын болады.»;
      «Химиялық өнеркәсіп кәсіпорындарына қаржылай көмек» деген 7-кіші бөлім мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаларына жеңілдетілген кредит беру ұйымдастырылатын болады.»;
      «Білікті кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету» деген 8-кіші бөлім мынадай мазмұндағы оныншы және он бірінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Химия саласы үшін мамандықтар бойынша кадрларға деген қажеттілік Қазақстанның ЖОО-да және ТжКБ оқу орындарында кадрлар даярлау есебінен қамтамасыз етіледі.
      Жергілікті жерлерде жеке басшыларды бекіте отырып, өндірістік тәжірибені 3 ай мерзіммен өндірістік кәсіпорындарда өту жүйесін енгізу мәселесі пысықталатын болады.»;
      «Іске асыру құралдары» деген кіші бөлімде:
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «БХК» сала операторы ретінде болады және жер қойнауын пайдалануға арналған иеліктен айыру құқықтарына ие болу, пайдалы қазбалар кен орындарын игеру мен әзірлеуге қатысу, халықаралық қаржы нарығында қажетті қарыз капиталын тарту және стратегиялық инвесторларды іздестіру бөлігінде мемлекеттің мүддесін қамтамасыз етеді.»;
      «Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамытудың 2010 - 2014 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» деген 7-бөлімде:
      «Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін арттыру, жоғары тиімділікті технологиялардың өндірісіне ғылыми әлеуетті тарту тетіктерін жетілдіру» деген 4-кіші бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3 және 4-жолдармен толықтырылсын:

      «

3.

«Полимерлерден және эластомерлерден ерекше қасиеті бар өнімдерді алу технологиясы» нысаналы технологиялық бағдарламасын іске асыру мәселелерін пысықтау

ИЖТМ-ге ақпарат

«Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ (келісім бойынша), «Біріккен химия компаниясы» ЖШС (келісім бойынша)

2014 жылғы
IV тоқсан

Талап етілмейді

4.

«Мұнай-газ өңдеу және мұнай-газ-химия процестері үшін катализаторларды әзірлеу технологиясы» нысаналы технологиялық бағдарламасын іске асыру мәселелерін пысықтау

ИЖТМ-ге ақпарат

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ (келісім бойынша), «Біріккен химия компаниясы» ЖШС (келісім бойынша)

2014 жылғы
IV тоқсан

Талап етілмейді

                                                                   ».

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов