Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Туризм жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қазандағы № 1631 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 44-45, 534-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
Туризм жөнiндегi кеңес құрамына мыналар енгізілсін:
Сауранбаев |
- |
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, төрағаның орынбасары |
Иғалиев |
- |
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы, хатшы |
Нысанбаев |
- |
Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі |
Құсайынов |
- |
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі |
Балықбаев |
- |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі |
Тұрғымбаев |
- |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары |
Шайжүнісов |
- |
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істер агенттігі төрағасының орынбасары |
Әміржанов |
- |
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары |
Қайнарбеков |
- |
Ақмола облысы әкімінің орынбасары |
Махмеджанов |
- |
«Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Қарабаева |
- |
«Елордалық туризм қауымдастығы Астана, Қазақстан» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша) |
Уәлиев |
- |
«Хан Тәңірі» туристік компаниясының бас директоры» (келісім бойынша); |
мына:
«Жошыбаев |
- |
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы |
Көшербаев |
- |
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары» |
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Жошыбаев |
- |
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары |
Көшербаев |
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары»; |
көрсетілген құрамнан: Бауыржан Түйтеұлы Әбдішев, Абай Мұқашұлы Ескендіров, Мұрат Қадесұлы Орынханов, Біржан Бисекенұлы Қанешев, Эдуард Олегович Квятковский, Мұрат Ескелдіұлы Омаров, Қуат Мұратұлы Танысбаев, Қаныш Аманбайұлы Төлеушин, Қайрат Сағатханұлы Тыныбеков, Азамат Шаймұратұлы Ахмеров шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов