"Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 181 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1369 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 181 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Әзімова
Эльвира Әбілхасымқызы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары

Жақсалиев
Бақытжан Мұхамбетқалиұлы

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі

Жұманғарин
Серік Мақашұлы

Қазақстан Республикасының Өңірлік даму вице-министрі

Ноғайбай
Заңғар Мақсұтұлы

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма мүшесі (келісім бойынша);

      көрсетілген құрамнан Зәуреш Хамитқызы Баймолдина, Қаныш Аманбайұлы Тілеушин, Данияр Қайырбекұлы Изатуллин шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов