Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1363 қаулысы

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін (бұдан әрі – өзгерістер).
      2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістердің 1-тармағының бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарын, 2-тармағын3-тармағының тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші абзацтарын, 4-тармағын5-тармағының тоғызыншы, оныншы, он бесінші, он алтыншы, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, қырық екінші, қырық үшінші, елу сегізінші және елу тоғызыншы абзацтарын, 6-тармағының алтыншы, жетінші, он төртінші, он бесінші және он алтыншы абзацтарын, 7-тармағын8-тармағының жетінші және сегізінші абзацтарын, 9-тармағының алтыншы абзацын, 10-тармағын11-тармағының жетінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтарын, 12-тармағының бесінші және алтыншы абзацтарын, 13 және 14-тармақтарын15-тармағының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтарын, 16 және 17-тармақтарын18-тармағының жетінші және сегізінші абзацтарын, 19-тармағының жетінші және сегізінші абзацтарын, 20-тармағын21-тармағының үшінші, төртінші және сегізінші абзацтарын, 22-тармағын23-тармағының жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 24-тармағының төртінші және бесінші абзацтарын, 25-тармағының төртінші және бесінші абзацтарын, 26-тармағының төртінші және бесінші абзацтарын, 27-тармағын28-тармағының алтыншы және жетінші абзацтарын, 29-тармағының жетінші және сегізінші абзацтарын, 30-тармағының жетінші және сегізінші абзацтарын, 31-тармағының алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 32 және 33-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің         
2013 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1363 қаулысымен     
бекітілген         

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. «Жер учаскелерін меншікке өтеусіз беру үшін халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарды айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 қарашадағы № 1042 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 41, 447-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жер учаскелерін меншікке өтеусіз беру үшін халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарды айқындау ережесiнде:
      6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) акционері (тең құрылтайшы) ретінде шетелдік ұйым қатысатын, онда қазақстандық тарапта акциялардың бақылау пакеті (үлестің көбі) сақтала отырып, оның акцияларының пакеті (қатысу үлесі) акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) жарғылық капиталының кемінде 25 %-ын құрауы тиіс, жарғылық капиталы кемінде 50000 айлық есептік көрсеткіш акционерлік қоғамның не жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға;»;
      7-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) орталықтың құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшірмелері және оны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нотариалды расталған көшірмелері.
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;»;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) салық төлеушінің Қазақстан Республикасы бойынша салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;»;
      12-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) орталықта салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болуы негіз болып табылады.»;
      14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Жер учаскесін меншікке беру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген олардың құзыреті шегінде республикалық маңызы бар қаланың және астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері жер учаскелері меншікке өтеусіз негізде берілетін орталықтарды айқындау туралы уәкілетті органның шешімі болған кезде ғана қабылдайды.
      15. Республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімінің жер учаскесін меншікке беру туралы шешімін алған орталықтар көрсетілген шешімді алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде осы туралы уәкілетті органды жазбаша хабардар етеді.».
      4. «Мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысуы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 қарашадағы № 1132 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 44, 518-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысуы ережесінде:
      3-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) өтініш берілген күннің алдындағы үш айдан астам мақта өңдеу ұйымының салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы бірінші басшының немесе қол қою құқығы бар тұлғаның қолы қойылған, осы салық органының мөрімен расталған тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;».
      5. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 28.12.2015 № 1086 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің миссиясы: бюджеттің атқарылуы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, бюджеттік есепке алу және республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының атқарылуы жөніндегі бюджеттік есептілік саласында, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу саласында, республикалық мүлікті басқару саласында басшылық ету және салааралық үйлестіру, сондай-ақ банкроттау (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда), заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау саласында мемлекеттік реттеу, сондай-ақ салық саясатын және кеден ісі саласындағы саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу.»;
      15-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстау мен аударудың және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеудің толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ету;»;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) кеден ісі, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу, бюджеттік кредит беру, республикалық мүлікті басқару, үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет алдындағы борышты басқару, мемлекеттік сатып алу, ішкі қаржылық бақылауды жүзеге асыру, банкроттау рәсімдерінің жүргізілуін бақылауды (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) жүзеге асыру саласындағы мемлекеттік реттеу;»;
      16-тармақта:
      орталық аппараттың функцияларында:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) бюджеттің атқарылуы, бухгалтерлік және бюджеттік есепке алу, қаржылық және бюджеттік есептілік, аудиторлық қызмет, мемлекеттің қаржы активтерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында шоғырландырылатын материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүлікті жинақтау саласында, республикалық мүлікті басқару, үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет алдындағы борышты басқару, мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, сондай-ақ банкроттау (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) саласында мемлекеттік реттеу;»;
      ведомстволарының функцияларында:
      72) тармақшаның бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «салық міндеттемесінің, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттердің орындалуын есепке алу;».
      7. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 47-48, 444-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінде:
      39-тармақтың 2) тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес төлем мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда, тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кешіктірілмей берілген үш айдан асқан салық төлеушінің Қазақстан Республикасы бойынша салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының салық органының басшысы не орынбасары қол қойған және аталған салық органының мөрімен бекітілген түпнұсқасы;»;
      78-тармақтың 1) тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «салық төлеушінің Қазақстан Республикасы бойынша салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы анықтаманың түпнұсқасы;».
      8. «Су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2125 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 523-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру ережесінде:
      15-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) заңды тұлғаларға – жарғының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмесін.
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      4) жеке тұлғаларға – дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, жеке куәліктің немесе паспорттың нотариалды куәландырылған көшірмелерін;»;
      28-тармақтың 3) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күнінен бір ай бұрын берілген үш айдан астам (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені не салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің бар екені туралы тиісті салық органы анықтамасының түпнұсқасы.».
      9. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 173 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      10. «Өнімділік 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 27, 314-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Өнімділік 2020» бағдарламасында:
      5-бөлімнің «Консалтингтік компанияларға қойылатын өлшемдер» деген 3-кіші бөлімде бірінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы.».
      11. «Республикалық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 маусымдағы № 700 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 43, 563-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидасында:
      6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) теңгерім ұстаушылардың жазбаша келісімінің негізінде жүзеге асырылатын, алаңы бір жүз шаршы метрге дейінгі үй-жайларды, ғимараттар мен құрылыстарды, қалдық құны бір жүз елу еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жабдықты бергенде;»;
      7-тармақтың 3) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, құрылтай құжаттарының (құрылтай шарты және жарғы) көшірмелері не көрсетілген құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
      салық берешегінің, өтінім беру күнінің алдындағы соңғы үш айдан астам міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екені туралы анықтаманың түпнұсқасы;
      жеке тұлғалар үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не аталған құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      дара кәсіпкер үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері не аталған құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері, салық берешегінің, өтінім беру күнінің алдындағы соңғы үш айдан астам міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екені туралы анықтаманың түпнұсқасы.»;
      27-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда, осы салық органының мөрі бар, бірінші басшы немесе қол қою құқығы бар адам қол қойған тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашу күнінің алдында кемінде үш ай бұрын салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы анықтаманың түпнұсқасы;»;
      көрсетілген Қағидаға 1-қосымшада:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Біз (мен)
_____________________________________________________________________
___________________________________________________________ сомасында
 (сомасы теңгемен, оның ішінде жазумен жазып көрсетіледі)
тендерге қатысу үшін ақпараттық хабарламада көрсетілген Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру
комитетінің (бұдан әрі – Комитет) депозиттік шотына:
_____________________________________________________________________
     (ЖСК, БСК, БСН, төлем мақсатының коды, Кбе, мекеменің коды)
кепілдік жарна енгіздік (енгіздім).»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Төлем деректемелері:
_____________________________________________________________________
  (бенефициар-банктің деректемелері: банктің атауы, БСН, ЖСК, БСК)
_____________________________________________________________________
   (алушының деректемелері: атауы, БСН, ЖСК, Кбе, ағымдағы шоты)   ».
      12. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.07.2015 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      13. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 624 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      14. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 28.08.2015 № 685 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      15. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.07.2014 № 762 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      16. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2015 № 727 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      17. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 28.12.2015 № 1086 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      18. «Индустриялық-инновациялық қызмет субьектілеріне берілетін қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелерді және кепілдемелерді ұсыну шарттары мен тетіктерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 маусымдағы № 744 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 55, 751-құжат):
      индустриялық-инновациялық қызмет субьектілеріне берілетін қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелерді және кепілдемелерді ұсыну шарттары мен тетіктерінде:
      2-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы құжаттың көшірмесі, заңды тұлға үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі.
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;»;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша қарыздардың болмауы туралы салық органының анықтамасы;».
      19. «Қоса қаржыландыруды қоса алғанда, индустриялық-инновациялық жобаларды қаржыландырудың, индустриялық-инновациялық қызмет субьектілерін лизингтік қаржыландырудың шарттары мен тетіктерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 маусымдағы № 745 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 55, 752-құжат):
      қоса қаржыландыруды қоса алғанда, индустриялық-инновациялық жобаларды қаржыландырудың, индустриялық-инновациялық қызмет субьектілерін лизингтік қаржыландырудың шарттары мен тетіктерінде:
      7-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы құжаттың көшірмесі; заңды тұлға үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі.
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;»;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екені туралы салық органы берген анықтама;».
      20. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 621 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      21. «Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 шілдедегі № 922 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 62, 859-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларында:
      8-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) салықтар, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша алты айдан ұзаққа созылған берешегі жоқ (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлем мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда);»;
      9-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) заңды тұлға – индустриялық қызмет субъектілерінің құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшірмелері (жарғы, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама) не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсыну шартымен оның көшірмесі.
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      3) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша алты айдан ұзаққа созылған берешегінің жоқ (бар) екені туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы. Анықтама өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру шыққан күннің алдындағы 45 (қырық бес) күннің ішінде берілген болуы тиіс;»;
      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:

      «

Мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күні
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                 (Куәліктің №, кім және қашан берді)                »

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

Мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күні
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
       (куәліктің немесе анықтаманың №, кім және қашан берді)
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.»;
      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:

      «

Мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күні
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                (Куәліктің №, кім және қашан берді)                 »

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

Мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күні
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
       (куәліктің немесе анықтаманың №, кім және қашан берді)
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.».
      22. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 621 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      23. «Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары арқылы кредит беру шарттары мен тетіктерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 1012 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 65, 910-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары арқылы кредит беру шарттары мен тетіктерінде:
      16-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы құжаттың көшірмесі; заңды тұлға үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі.
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;»
      15) және 16) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қарыз алушы (тең қарыз алушы) жеке тұлғаның жеке зейнетақы шотынан соңғы алты айға үзінді көшірмесі. Білім кредитін беру жүйесі шеңберінде берілген кредиттер бойынша сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден босатылғанын растайтын құжаттар болған кезде Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден босатылған жеке тұлғалардың кредиттері бойынша аталған құжаттың болуы талап етілмейді;
      16) қарыз алушы – заңды тұлғаның салық берешегінің, мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы анықтама және (немесе) салық қызметінің органдары берген, банктің уәкілетті органының кредит беруге берілген өтінімді қарау күніне дейін қарыз алушы заңды тұлғаның салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ (бар) екенін растайтын салыстырып тексеру актісі;».
      24. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.12.2015 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      25. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.12.2015 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      26. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.12.2015 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      27. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2014.10.30 № 1154 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік оң күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      28. «Аккредиттеу жөніндегі органды таңдау бойынша конкурс өткізу қағидаларын және аккредиттеу жөніндегі органға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1770 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 7, 158-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Аккредиттеу жөніндегі органды таңдау бойынша конкурс өткізу қағидалары және аккредиттеу жөніндегі органға қойылатын біліктілік талаптарында:
      7-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың және жарғының көшірмесі.
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;»;
      24-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) банктің (банктердің) алдынды салық және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер бойынша және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша үш айдан асатын берешегінің жоқ болуы;».
      29. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2014.10.30 № 1154 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік оң күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      30. «Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларын бекіту туралы және «Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 69 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 13, 241-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларында:
      18-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі.
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;»;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырған жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы үш айдан астам мерзімге салық берешегінің және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы. Егер анықтамада берешек көрсетілген жағдайда, осы берешектің пайда болу мерзімдерін растайтын құжаттар қоса берілуі қажет;»;
      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшаның 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы
куәлік* немесе анықтама _____________________________________________
_____________________________________________________________________
                     (нөмірі, кім және қашан берген)
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.».
      31. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.04.2014 № 420 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      32. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.12.2015 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      33. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.12.2015 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1363 қаулысына     
1-қосымша         

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 28.08.2015 № 685 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1363 қаулысына     
2-қосымша         

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 28.08.2015 № 685 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).