Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Басым тауарлар мен қызметтердің бірыңғай картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 187 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 18, 309-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Басым тауарлар мен қызметтердің бірыңғай картасында:
«Химия өнеркәсiбi саласының басым тауарлары (тауар топтары) мен қызметтерiнiң тiзбесi» деген 4-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8-жолмен толықтырылсын:
«
8 |
Инжинирингтік қызметтер және ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер жөніндегі қызметтер |
»;
«Көлік-коммуникациялық кешен саласындағы тауарлар (тауар топтары) мен қызметтердің тізбесі» деген 7-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 2, 3, 4 және 5-жолдармен толықтырылсын:
«
2 |
Жүрдек теміржол магистральдары үшін сұранысқа ие рельстер шығару |
3 |
Қазақстанның темір жолдарына арналған бағыттамалы өнімдер шығару |
4 |
Технологиялық жабдыққа қызмет көрсету |
5 |
Металл өңдеуші және дәнекерлеуші жабдықтарға қызмет көрсету |
»;
«Мұнай және газ саласындағы тауарлар (тауар топтары) мен
қызметтердің тізбесі» деген 8-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18 және 19-жолдармен толықтырылсын:
«
7 |
Геофизикалық қызметтер |
8 |
Ұңғымаларды перфорациялау |
9 |
Суасты жабдығы және ұңғымаларды тестілеу |
10 |
Ұңғымаларды қышқылмен өңдеу |
11 |
Ұңғымаларды каротаждау |
12 |
Жоғары технологиялы бұрғылау ертінділері |
13 |
Қашаулар өндірісі және оларға қызмет көрсету |
14 |
Ұңғымаларды цементтеу |
15 |
Автоматты басқару, бақылау-өлшеу жабдықтарының қауіпсіздігі |
16 |
Бұрандалы сорғыларды, газ тарату пункттерінің өндірісін ұйымдастыру және оларға қызмет көрсету |
17 |
Геологиялық барлау |
18 |
Бұрғылау жұмыстары жөніндегі қызметтер (оның ішінде теңіздік |
19 |
Сейсмологиялық барлау |
».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов