Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тауар шығарылған елдi анықтау, тауардың шығу тегi туралы сараптама актiсiн жасау және беру әрi тауардың шығу тегi туралы сертификатты ресiмдеу, куәландыру және беру жөнiндегi ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 44, 423-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Тауар шығарылған елдi анықтау, тауардың шығу тегi туралы сараптама актiсiн жасау және беру әрi тауардың шығу тегi туралы сертификатты ресiмдеу, куәландыру және беру жөнiндегi ережеде:
көрсетілген ережеге 9-қосымшада:
мына:
«
84-топ |
Ядролық реакторлар, қазандықтар, жабдық пен механикалық құрылғылар, олардың бөлшектерi, келесi позицияларға жататын, олар үшiн қолданатын ережелер бұдан әрi берiлген өнiмдерден басқа: 8403, 8404, 8406-8408, 8412, 8414, 8415, 8418, 8419 40 000, 8419 50 000, 8419 89, 8419 90, 8421, 8425-8430, 8432 30, 8433, 8444-8447, 8448, 8450, 8452, 8456-8466, 8469-8472, 8480, 8484, 8485 |
Дайындау кезде пайдаланылатын материалдардың бағасы түпкiлiктi өнiм бағасының 50 %-ынан аспауы тиiс. Жоғарыда көрсетiлген шекте өнiм позициясында жiктелетiн материалдар тек қана түпкiлiктi өнiм бағасының 5 % шегiндегi сомаға дейiн қолданыла алады |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
84-топ |
Ядролық реакторлар, қазандықтар, жабдық пен механикалық құрылғылар, олардың бөлшектері мынадай позицияларға жататын, олар үшін қолданылатын ережелер төменде жазылған өнімдерден басқа: 8403, 8404, 8406, 8407; 8408 90 850 0-сынан басқа 8408, 8408 90 850 0, 8412, 8414, 8415, 8418, 8419 40 000, 8419 50 000, 8419 89, 8419 90, 8421, 8425-8430, 8432 30; 8433 51 000 9, 8433 59 850 9, 8433 59 110 9-сынан басқа 8433, 8444-8447, 8448, 8450, 8452, 8456-8466, 8469-8472, 8480, 8484, 8485 |
Дайындау, ол кезде пайдаланылатын барлық материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50 %-ынан аспауы тиіс. Жоғарыда көрсетілген шекте өнімнің сондай позициясында жіктелетін материалдар тек қана түпкілікті өнім бағасының 5 %-ы шегіндегі сомаға дейін қолданыла алады. |
»;
мына:
«
8408 |
Сығудан жалын шығаратын поршендi iштен жану қозғалтқыштары (дизельдер немесе жартылай дизельдер): |
Дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптар мен детальдар құны бiрiншi жылы, тауардың осы түрiн дайындау басталған күннен бастап түпкiлiктi өнiм бағасының 90 %-ынан аспауы тиiс; |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
8408 |
8408 90 850 0 тауар позициясының машиналарынан басқа поршеньді ішкі жанатын қозғалтқыштар қысудан жалындаған (дизельдер немесе жартылай дизельдер): |
Дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптардың және бөлшектердің құны бiрiншi жылы, тауардың осы түрiн дайындау басталған күннен бастап түпкiлiктi өнiм бағасының 90 %-ынан аспауы тиiс; екiншi жылы – сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау: |
8408 |
Қуаты 1000 квт астам, бірақ 5000 квт аспайтын жаңа қозғалтқыштар |
Дайындау, ол кезде пайдаланылатын барлық материалдардың құны тауардың осы түрiн дайындау басталған күннен бастап бiрiншi жылы түпкiлiктi өнiм бағасының 95 %-ынан; |
»;
мына:
«
8433 |
Сабанды немесе пiшендi дестелерге буып-түюге арналған тайлағыш престер мен престердi қоса алғанда, ауылшаруашылығы дақылдарын жинауға немесе бастыруға арналған машиналар немесе тетiктер; пiшен орақтары немесе көгал орақтары; 8437 тауар позициясының машиналарынан басқа, жұмыртқаны, жемiс өнiмдерiн немесе басқа да ауыл шаруашылығы өнiмдерiн тазалауға, сорттауға немесе сұрыптауға арналған машиналар |
Дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптардың құны мынадан аспауы қажет: Бiрiншi жылы, алғашқы жылы осы тауар түрiн дайындау басталатын күннен бастап, түпкiлiктi өнiм бағасының 90 %-ынан аспауы тиiс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен: |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
8433 |
Теріп алғыш престерді, сабанды немесе пiшендi дестелерге буып-түюге арналған престердi қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарын жинауға немесе бастыруға арналған машиналар немесе механизмдер; пiшен шапқыштар немесе көгал шапқыштар; 8433 59 850 9, 8433 51 000 9, 8433 59 110 9, 8437 тауар позициясының машиналарынан басқа, жұмыртқаларды, жемiстерді немесе басқа да ауыл шаруашылығы өнiмдерiн тазалауға, сорттауға немесе калибрлеуге арналған машиналар |
Дайындау, ол кезде пайдаланылатын барлық материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50 %-ынан аспауы тиіс. Жоғарыда көрсетілген шекте өнімнің сондай позициясында жіктелетін материалдар тек қана түпкілікті өнім бағасының 5 % шегіндегі сомаға дейін қолданыла алады. |
8433 |
Астық жинайтын комбайндар: өзгелері |
Дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптардың құны мынадай технологиялық операцияларды орындау: |
8433 |
Сүрлем жинайтын комбайндар: өздігінен жүретін: өзгелері |
Дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптардың құны мынадай технологиялық операцияларды орындау: |
8433 |
Егін жинауға арналған өзге де машиналар; бастыруға арналған машиналар немесе механизмдер: өзгелері: өзгелері |
Дайындау, ол кезде пайдаланылатын бөлшектердің және тораптардың құны, мынадай технологиялық операцияларды орындау: |
»;
мына:
«
85-топ |
Электр машиналары мен жабдықтар, олардың бөлшектері; дыбыс жазғыш және дыбыс шығарғыш аппаратура, телевизиялық бейне мен дыбысты жазуға және шығаруға арналған аппаратура, олардың бөлшектері мен керек-жарақтары, олар үшін қолданылатын ережелері төменде баяндалған мына позициялардың тауарларынан басқа: 8501, 8502, 8507, 8518-ден, 8519-8521, 8523-8528, 8535-8537, 8541 409 00 9, 8542, 8544, 8545 |
Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50 %-ынан аспауы тиiс. Жоғарыда көрсетiлген шектеуде өнiмдiкiндей сол бiр позицияда жiктелетiн материалдар, түпкiлiктi өнiм бағасының 10 %-ы шегiндегi сомаға дейiн ғана пайдаланылуы мүмкiн |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
85-топ |
Электр машиналары мен жабдықтар, олардың бөлшектері; дыбыс жазғыш және дыбыс шығарғыш аппаратура, телевизиялық бейне мен дыбысты жазуға және шығаруға арналған аппаратура, олардың бөлшектері мен керек-жарақтары, олар үшін қолданылатын ережелері төменде баяндалған мына позициялардың тауарларынан басқа: 8501 51-8501 53-сынан басқа 8501, 8502, 8507, 8518-ден, 8519-8521, 8523-8528, 8535-8537, 8541 409 00 9, 8542, 8544, 8545 |
Дайындау, ол кезде пайдаланылатын барлық материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50 %-ынан аспауы тиiс. Жоғарыда көрсетiлген шектеуде өнiмдiкiндей сол бiр позицияда жiктелетiн материалдар түпкiлiктi өнiм бағасының 10 %-ы шегiндегi сомаға дейiн ғана пайдаланылуы мүмкiн |
»
мына:
«
8501 |
Электрлi қозғалтқыштар мен генераторлар (электрогенераторлық қондырғылардан басқа) |
Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50 %-ынан аспауы тиiс. Жоғарыда көрсетiлген шектеуде 8503 позицияның материалдары түпкiлiктi өнiм бағасының 10 %-ы шегiндегi сомаға дейiн ғана пайдаланылуы мүмкiн |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
8501 |
8501 51 - 8501 53 тауар позициясының машиналарынан басқа электрлi қозғалтқыштар мен генераторлар (электрогенераторлық қондырғылардан басқа) |
Дайындау, ол кезде пайдаланылатын барлық материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50 %-ынан аспауы тиiс. Жоғарыда көрсетiлген шектеуде 8503 позицияның материалдары түпкiлiктi өнiм бағасының 10 %-ы шегiндегi сомаға дейiн ғана пайдаланылуы мүмкiн |
8501 51 - 8501 53 |
Ауыспалы токтың көпфазалы өзге қозғалтқыштары |
Дайындау, ол кезде пайдаланылатын материалдар мен құрауыштардың құны, мынадай технологиялық операцияларды орындау: |
»;
мына:
«
8539 |
Герметикалық бағытталған жарығы бар шамдарды, сондай-ақ ультракүлгiн немесе инфрақызыл шамдарды қоса алғанда, электр немесе газ разрядты қыздыру шамдары; доғалық шамдар |
Дайындау кезiнде пайдаланылатын материалдар (бөлшектер) құны, тауардың осы түрiн дайындау басталған күннен бастап бiрiншi жылы түпкiлiктi өнiм бағасының 70 %-ынан аспауы тиiс, екiншi жылы және кейiнгi жылдары - түпкiлiктi өнiм бағасының 60 %-ынан аспауы тиiс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау жағдайында: |
»
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
854140 |
Фотоэлектрлік модуль (күн батареялары) |
Дайындау, ол кезде пайдаланылатын материалдар мен құрауыштардың құны, мынадай технологиялық операцияларды орындау: |
»;
мына:
«
8601 |
Электр энергиясының сыртқы көзiнен қоректенетiн немесе аккумуляторлық темiр жол локомотивтерi |
Дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптар мен бөлшектердiң құны алғашқы жылы осы тауар түрiн дайындау басталатын күннен бастап, түпкiлiктi өнiм бағасының 95 %-ынан аспауы тиiс; |
8603 - 8607 |
8604 тауар позициясына енгiзiлгендерден басқа, жолаушы, тауар немесе жол жүгiн таситын моторлы темiр жол немесе трамвай вагондары, ашық платформалар - Темiр жол локомотивтерiнiң немесе трамвайдың моторлы вагондарының немесе жылжымалы құрамның бөлiктерi |
Дайындау, ол кезде пайдаланылатын материалдар мен жинақтауыштар құны бiрiншi жылы, тауардың осы түрiн дайындау басталған күннен бастап түпкiлiктi өнiм бағасының 90 %-ынан; |
»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
8601 |
Электр энергиясының сыртқы көзiнен қоректенетiн немесе аккумуляторлық темiржол локомотивтерi |
Осы тауар түрін дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптар мен бөлшектер құны, мынадай технологиялық операцияларды орындау: |
8603 |
8604 тауар позициясына енгізілгендерден басқа, жолаушы, тауар немесе багаж таситын моторлы теміржол немесе трамвай вагондары, ашық платформалар |
Дайындау, ол кезде пайдаланылатын материалдар мен жиынтықтауыштар құны тауардың осы түрі дайындау басталған күннен бастап бірінші жылы түпкiлiктi өнiм бағасының 90 %-ынан аспауы тиiс. |
8604 |
Теміржол немесе трамвай жолдарын жөндеуге немесе техникалық қызмет көрсетуге арналған өздігінен жүретін немесе өздігінен жүрмейтін көлік құралдары |
Дайындау, ол кезде пайдаланылатын шетелдік материалдар мен жиынтықтауыштардың құны тауардың осы түрін жасау басталған күннен бастап бірінші жылы түпкілікті өнім бағасының 90 %-ынан; |
8605 |
Теміржол немесе трамвай, өздігінен жүрмейтін жолаушылар вагондары; өздігінен жүрмейтін жүк, пошта және өзге де арнайы теміржол немесе трамвай вагондары (8604 тауар позициясына енгізілгендерден басқа) |
Тауардың осы түрін дайындау, ол кезде пайдаланылатын материалдар мен жиынтықтауыштардың құны мынадай технологиялық операцияларды орындау: |
8606 8607 |
Жүк таситын өздігінен жүрмейтін теміржол немесе трамвай вагондары Теміржол локомотивтерінің немесе трамвайдың моторлы вагондарының немесе жылжымалы құрамның бөлшектері |
Дайындау, ол кезде пайдаланылатын материалдар мен жиынтықтауыштардың құны тауардың осы түрі дайындау басталған күннен бастап бірінші жылы түпкiлiктi өнiм бағасының 90 %-ынан аспауы тиiс. |
»;
мына:
«
8702***, 8704 |
Жүргiзушiнi қоса алғанда, адамдарды тасымалдауға арналған моторлы көлiк құралдары, 8704 90 000 0 позицияларының тауарларынан басқа, жүк тасымалдауға арналған моторлы көлiк құралдары |
Жылдық көлемi 10000 данаға дейiн тауардың әрбiр моделiн шығару кезiнде – дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптар мен бөлшектердiң құны алғашқы жылы осы тауар түрiн дайындау басталатын күннен бастап, түпкiлiктi өнiм бағасының 95 %-ынан; екiншi жылы - құны түпкiлiктi өнiм бағасының 90 %-ынан, үшiншi жылы - құны түпкiлiктi өнiм бағасының 85 %-ынан, төртiншi жылы - құны түпкiлiктi өнiм бағасының 80 %-ынан аспауы тиiс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен: |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
8702***, 8704 |
Жүргiзушiнi қоса алғанда, 10 адамды немесе одан көп адамды тасымалдауға арналған моторлы көлiк құралдары; 8704 21, 8704 22, 8704 23, 8704 31, 8704 32, 8704 90 000 0 тауар позицияларынан басқа жүк тасымалдауға арналған моторлы көлiк құралдары |
Жылдық көлемi 10000 данаға дейiн тауардың әрбiр моделiн шығару кезiнде - дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптар мен бөлшектердiң құны бірінші жылы осы тауар түрiн жасау басталған күннен бастап орындау шартымен түпкiлiктi өнiм бағасының 95 %-ынан аспауы тиiс. |
»;
мына:
«
8703** |
Жеңiл автомобильдер және негiзiнен адамдарды тасымалдауға (8702 тауар позициясының моторлы көлiк құралдарынан басқа), арналған өзге де моторлы көлiк құралдары, жүк-жолаушы автомобиль-фургондар мен жарыс автомобильдердi қоса алғанда |
Келесi өлшемдерiнiң бiрiн орындаған кезде өндiрiлген автомобильдер: |
»
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«
8704 21 |
Көлік құралының толық массасы 5 тоннадан аспайтын, (дизельдер немесе жартылай дизельдер) сығымнан тұтанатын поршеньдi iштен жану қозғалтқыштары бар жүктерді тасуға арналған моторлы көлік құралдары, өзгелері |
Дайындау, ол кезде барлық қолданылатын материалдар құны түпкілікті өнім бағасының 80 %-ынан аспауы тиіс |
8704 22 |
Көлік құралының толық массасы 5 тоннадан көп, бірақ 20 тоннадан аспайтын (дизельдер немесе жартылай дизельдер) сығымнан тұтанатын поршеньдi iштен жану қозғалтқыштары бар жүктерді тасуға арналған моторлы көлік құралдары, өзгелері |
Дайындау, ол кезде барлық қолданылатын материалдар құны түпкілікті өнім бағасының 80 %-ынан аспауы тиіс |
8704 23 |
Көлік құралының толық массасы 20 тоннадан көп (дизельдер немесе жартылай дизельдер) сығымнан тұтанатын поршеньдi iштен жану қозғалтқыштары бар жүктерді тасуға арналған моторлы көлік құралдары, өзгелері |
Дайындау, ол кезде барлық қолданылатын материалдар құны түпкілікті өнім бағасының 80 %-ынан аспауы тиіс |
8704 31 |
Көлік құралының толық массасы 5 тоннадан аспайтын ұшқыннан тұтанатын iштен жану қозғалтқыштары бар жүктерді тасу үшін моторлы көлік құралдары, өзгелері |
Дайындау, ол кезде барлық қолданылатын материалдар құны түпкілікті өнім бағасының 80 %-ынан аспауы тиіс |
8704 32 |
Көлік құралының толық массасы 5 тоннадан асатын ұшқыннан тұтанатын iштен жану қозғалтқыштары бар жүктерді тасу үшін моторлы көлік құралдары, өзгелері |
Дайындау, ол кезде барлық қолданылатын материалдар құны түпкілікті өнім бағасының 80 %-ынан аспауы тиіс |
»;
мына:
«
8716 |
Тiркемелер мен жартылай тiркемелер; басқа да өздiгiнен жүрмейтiн көлiк құралдары, 8716 39 800 0, 8716 90 тауарлық позицияларын қоспағанда, олардың бөлiктерi |
Дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптар мен бөлшектердiң құны алғашқы жылы осы тауар түрiн дайындау басталатын күннен бастап, түпкiлiктi өнiм бағасының 90 %, екiншi жылы – түпкiлiктi өнiм бағасының 85 % аспауы тиiс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен: |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
8716 |
8716 31, 8716 39, 8716 39 80, 8716 40, 8716 80, 8716 90 тауар позицияларынан басқа, тiркемелер мен жартылай тiркемелер; өзге де өздiгiнен жүрмейтiн көлiк құралдары; олардың бөлшектері |
Дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптар мен бөлшектердiң құны осы тауар түрiн жасау басталған күннен бастап бірінші жылы түпкiлiктi өнiм бағасының 90 %-ынан аспауы тиiс. |
8716 31 |
Жүктерді тасымалдауға арналған тіркемелер және жартылай тіркемелер, |
Дайындау, ол кезде барлық қолданылатын материалдар құны түпкілікті өнім бағасының 80 %-ынан аспауы тиіс |
8716 39 |
Жүктерді тасымалдауға арналған тіркемелер және жартылай тіркемелер, |
Дайындау, ол кезде барлық қолданылатын материалдар құны түпкілікті өнім бағасының 80 %-ынан аспауы тиіс |
8716 40 |
Өзге тіркемелер және жартылай тіркемелер |
Дайындау, ол кезде барлық қолданылатын материалдар құны түпкілікті өнім бағасының 80 %-ынан аспауы тиіс |
8716 80 |
Өзге көлік құралдары |
Дайындау, ол кезде барлық қолданылатын материалдар құны түпкілікті өнім бағасының 80 %-ынан аспауы тиіс |
8716 90 |
Бөлшектер: шассилер, шанақтар, осьтер, өзге бөлшектері |
Дайындау, ол кезде барлық қолданылатын материалдар құны түпкілікті өнім бағасының 80 %-ынан аспауы тиіс |
»;
мына:
«
9306 90 |
Өзге де әскери қимылдарды жүргiзуге арналған бомбалар, гранаталар, торпедалар, миналар, зымырандар және ұқсас заттар; патрондарға арналған бытыраларды және тығындарды қоса алғанда, патрондар, өзге де оқ-дәрiлер, снарядтар және олардың бөлiктерi |
Дайындау, ол кезде барлық қолданылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 80 %-ынан аспауы тиiс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен: |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
9306 90 |
Бомбалар, гранаталар, торпедалар, миналар, зымырандар және ұрыс қимылдарын жүргiзуге арналған ұқсас құралдар, олардың бөлшектері; патрондар, өзге де оқ-дәрiлер, снарядтар және олардың бөлшектерi, патрондарға арналған бытыраларды және тығындарды қоса алғанда, өзгелері |
Дайындау, ол кезде пайдаланатын барлық материалдардың құны, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау: |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов