Астана қаласында ЭКСПО - 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін және Алматы қаласында 28-ші қысқы Дүниежүзілік универсиада - 2017-ні дайындау және өткізу кезеңінде қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар әзірлеу үшін ведомствоаралық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 1299 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Астана қаласында ЭКСПО – 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін және Алматы қаласында 28-ші қысқы Дүниежүзілік универсиада – 2017-ні дайындау және өткізу кезеңінде қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар әзірлеу үшін ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2013 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 1299 қаулысымен   
бекітілген        

Астана қаласында ЭКСПО – 2017 халықаралық мамандандырылған
көрмесін және Алматы қаласында 28-ші қысқы Дүниежүзілік
универсиада – 2017-ні дайындау және өткізу кезеңінде
қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі
ұсыныстар әзірлеу үшін ведомствоаралық комиссия туралы
ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Астана қаласына ЭКСПО – 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін және Алматы қаласында 28-ші қысқы Дүниежүзілік универсиада – 2017-ні дайындау және өткізу кезеңінде қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар әзірлеу үшін ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Комиссияның негізгі міндеті Астана қаласында ЭКСПО – 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін және Алматы қаласында 28-ші қысқы Дүниежүзілік универсиада – 2017-ні (бұдан әрі – ЭКСПО – 2017 және универсиада – 2017) дайындау және өткізу кезеңінде қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның функциялары мен құқықтары

      4. Комиссия негізгі міндетті іске асыру мақсатында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) ЭКСПО – 2017-ні және универсиада – 2017-ні дайындау және өткізу кезеңінде қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың ұсыныстарын, сондай-ақ іс-шаралар жоспарларының жобаларын қарайды және олар бойынша шешімдер әзірлейді;
      2) ЭКСПО – 2017-ні және универсиада – 2017-ні дайындау және өткізу кезеңінде қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша тиісті ұсыныстарды әзірлейді және оларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің және 28-ші қысқы Дүниежүзілік универсиада – 2017-ні дайындау және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің қарауына енгізеді;
      3) ЭКСПО – 2017-ні және универсиада – 2017-ні дайындау және өткізу кезеңінде қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар әзірлейді және оларды мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға енгізеді.
      5. Комиссия өз құзыреті шегінде:
      1) белгіленген тәртіппен орталық мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдар мен өзге ұйымдардан қажетті ақпарат, құжаттар мен материалдар сұратуға және алуға;
      2) Комиссияның отырыстарына Комиссия мүшелері болып табылмайтын мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың лауазымды адамдарын шақыруға, сондай-ақ тыңдауға;
      3) Комиссия жанынан жұмыс топтарын (жедел штабтарды) құруға;
      4) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға құқылы.

3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      6. Комиссияны төраға басқарады, ол Комиссияның қызметіне басшылық жасайды және оның отырыстарына төрағалық етеді.
      Төраға болмаған уақытта немесе оның тапсырмасы бойынша оның функцияларын орынбасарларының бірі атқарады.
      7. Комиссияның отырыстары қажеттілікке қарай, бірақ кемінде жарты жылда бір рет өткізіледі және егер, оған Комиссия мүшелерінің жартысынан астамы қатысса, ол заңды деп есептеледі.
      Комиссия мүшелері отырыстарға алмасу құқығынсыз қатысады. Бұл ретте Комиссия отырыстарына шақырылған адамдар қатыса алады.
      8. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      9. Комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастыруды және дайындауды, сондай-ақ отырыстың күн тәртібі мәселелері бойынша материалдарды (анықтамалар, тұсаукесерлер, хаттамалық шешімдердің жобалары, қатысушылар мен сөз сөйлеушілердің тізімдері) жинауды және отырысты өткізу уақытына дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияның төрағасы мен мүшелеріне ұсынуды Комиссия хатшысы жүзеге асырады.
      Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.
      10. Комиссия отырысының күн тәртібі Комиссия төрағасының тапсырмаларын және/немесе мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып, қалыптастырылады.
      11. Комиссия отырысын өткізу уақытын белгіленген тәртіппен төраға айқындайды.
      12. Комиссияның шешімдері қатысушы мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Шешімдер қабылдаған кезде Комиссияның мүшелері тең дауысқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі. Комиссия мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, оны білдірген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және хаттамаға қоса берілуі тиіс.
      13. Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша Комиссия хатшысы он жұмыс күні ішінде хаттаманы ресімдейді және белгіленген тәртіппен Комиссия төрағасының қол қоюына енгізеді, оны міндетті тәртіппен отырысқа қатысқан Комиссия мүшелері қол қояды.
      14. Комиссия отырыстары хаттамаларының іске асырылуын бақылауды жұмыс органы жүзеге асырады.

4. Комиссия қызметін тоқтату

      15. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес тоқтатады.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2013 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 1299 қаулысына    
қосымша         

Астана қаласында ЭКСПО – 2017 халықаралық мамандандырылған
көрмесін және Алматы қаласында 28-ші қысқы Дүниежүзілік
универсиада – 2017-ні дайындау және өткізу кезеңінде
қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі
ұсыныстар әзірлеу үшін ведомствоаралық комиссияның
құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.03.2014 № 191 қаулысымен.

Сағынтаев
Бақытжан Әбдірұлы

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға

Қасымов
Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы

-

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, төрағаның орынбасары

Божко
Владимир Карпович

-

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, төрағаның орынбасары

Мұсақанов
Талғат Шаймарданұлы

-

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары, хатшы

Білісбеков
Нұрғали Дәулетбекұлы

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Оразқұлов
Қанат Орынтайұлы

-

Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының орынбасары (келісім бойынша)

Сартаев
Исатай Бақтиярұлы

-

Қазақстан Республикасы «Сырбар» сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары (келісім бойынша)

Сапаров
Оқас Базарғалиұлы

-

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары

Жақсылықов
Тимур Мекешұлы

-

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Есентаев
Тастанбек Құтжанұлы

-

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы

Бектұров
Азат Ғаббасұлы

-

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі

Сұлтанбеков
Қанат Таңатарұлы

-

Астана қаласы әкімінің орынбасары

Аманжолова
Зәуреш Жұманәліқызы

-

Алматы қаласы әкімінің орынбасары

Лепеха
Игорь Владимирович

-

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы

Ермегияев
Талғат Амангелдіұлы

-

«Астана ЭКСПО – 2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының төрағасы (келісім бойынша)