Қазақстан Республикаcы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 қарашадағы № 1297 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 30 қарашадағы
№ 1297 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.
      2. «Құрамында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшері бар, олардан көрсетілген құралдар мен заттар оңай қол жеткізілетін тәсілдермен алынуы мүмкін емес дәрілік препараттарды бақылаудан алу ережесін және көрсетілген препараттардың тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 413 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 16, 184-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген құрамында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшері бар, олардан көрсетілген құралдар мен заттар оңай қол жеткізілетін тәсілдермен алынуы мүмкін емес және Қазақстан Республикасында бақылауға жатпайтын дәрілік препараттардың тізімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 42, 43-жолдармен толықтырылсын:

      «

42.

Бронхотон

125 г препаратқа құрамы, г-да: глауцин гидробромиді – 0,125 г эфедрин гидрохлориді – 0,100 г кәдімгі базилик майы – 0,125 г

125 г сауыттағы шәрбат

IV кесте
І тізбе

43.

Бронхобрю

1 мл препаратқа құрамы, мг-да: эфедрин гидрохлориді – 1 мг
натрий дибунаты –  1 мг
натрий камфосульфонаты – 1 мг

125 мл сауыттағы шәрбат

IV кесте
І тізбе

                                                                   ».

      3. «Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 47-48, 444-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесінде:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Кез келген нысандағы дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілік субстанциялардың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдардың; кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілік субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды шығаруға арналған материалдардың, жабдықтар мен жинақтаушы материалдардың импорты Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес қосылған құн салығынан босатылады.
      Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника импортын қосылған құн салығынан босату мақсаттары үшін мынадай шарттарды сақтау қажет:
      1) Қазақстан Республикасының кеден органына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме саудада өткізуге берілген фармацевтикалық немесе медициналық қызметке лицензияның немесе қызметті не белгілі бір іс-қимылды жүзеге асыру басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талонның (бұдан әрі – хабарламаны қабылдау туралы талон) көшірмелерін ұсыну;
      2) дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға, медициналық техникаға тіркеу куәлігінің немесе Қазақстан Республикасында шетелдік өкілдік болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар, медициналық техника, медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін - дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік органның Қазақстан Республикасына дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы әкелуге келісімінің немесе «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 80-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайларда дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік органның Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық техниканы, медициналық мақсаттағы бұйымдарды әкелу туралы рұқсатының көшірмелерін ұсыну.
      Фармацевтикалық қызметке немесе медициналық қызметке лицензияның көшірмелерін немесе хабарламаның қабылданғаны туралы талонның көшірмесін санамағанда, жоғарыда көрсетілген құжаттардың орнына мемлекеттік сатып алу туралы шарттар шеңберінде тауарлар импорты жағдайында кеден органдарына тапсырыс беруші мен импортты жүзеге асыратын өнім беруші арасында жасалған шарт ұсынылады.
      Тауарлар (материалдар, жабдықтар, шикізат және жинақтаушы материалдар) кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілік субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы шығару үшін импортталған жағдайда Қазақстан Республикасының кеден органына фармацевтикалық қызметке лицензияның көшірмесін ұсыну қажет.».
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Осы Ереженің 346 және 7-тармақтарында көрсетілген Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін тауарлар салық жеңілдіктері берілетін мақсаттармен байланысты ғана пайдаланылуы тиіс. Импорттаушы көрсетілген тауарларды өзге мақсаттарға пайдаланған жағдайда кедендік тазарту кезінде төленбеген қосылған құн салығы салық заңнамасына сәйкес бюджетке төленуге тиіс.
      Осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды денсаулық сақтау субъектілері Қазақстан Республикасында медициналық немесе фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру үшін көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензияларға немесе медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме саудада өткізуге арналған хабарламаның қабылданғаны туралы талонға сәйкес пайдалануға тиіс.
      Импорттаушы көрсетілген тауарларды Қазақстан Республикасында медициналық немесе фармацевтикалық қызметке сәйкес келмейтін мақсатта пайдаланған жағдайда мұндай тауарларды кедендік тазарту кезінде төленбеген қосылған құн салығы салық заңнамасына, сондай-ақ Кеден одағының немесе Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес бюджетке төленуге тиіс.».
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.10.2015 № 862 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 27.01.2016 № 31 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      6. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 27.01.2016 № 31 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      8. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.07.2015 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 30 қарашадағы
№ 1297 қаулысына   
қосымша        

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.07.2015 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.