РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1520 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
8 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» функционалдық тобында:
696 «Қазақстан Республикасының Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі» әкімшісі бойынша:
011 «Спорт саласындағы бюджеттік инвестициялар» бағдарламасында:
100 «Спорт объектілерін салу және реконструкциялау» кіші бағдарламада:
«2013 жыл» деген бағанда:
«Ақмола облысы» деген жолдағы «3000000» деген сандар «1150000» деген сандармен ауыстырылсын;
«Ақмола облысы Щучинск қаласындағы шаңғы спортының республикалық базасын салу (I және II кезек)» деген жолдағы «3000000» деген сандар «1150000» деген сандармен ауыстырылсын;
«Алматы облысы» деген жолдағы «2500000» деген сандар «3500000» деген сандармен ауыстырылсын;
«Алматы облысындағы республикалық олимпиадалық даярлық базасын салу» деген жолдағы «2500000» деген сандар «3500000» деген сандармен ауыстырылсын;
«Астана қаласы» деген жолдағы «2500000» деген сандар «3350000» деген сандармен ауыстырылсын;
«Астана қаласында көп функционалды «Олимпиадалық даярлау орталығы» спорттық кешенін салу (сыртқы инженерлік желісіз)» деген жолдағы «2500000» деген сандар «3350000» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов