"Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурстар өткізу жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1263 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1277 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 630 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 630 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурстар өткізу жөнінде комиссия ҚҰРУ туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1263 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 2, 36-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның көмірсутек шикізаты мәселелері бойынша құрамына мыналар енгізілсін:

Қарабалин                  - Қазақстан Республикасының Мұнай және
Ұзақбай Сүлейменұлы          газ министрі, төраға
Ақшолақов                  - Қазақстан Республикасының Мұнай және
Болат Оралұлы                газ вице-министрі, төрағаның орынбасары
Нұрабаев                   - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Базарбай Қанайұлы            жаңа технологиялар министрлігі Геология
                             және жер қойнауын пайдалану комитетінің
                             төрағасы
Тәутеев                    - Қазақстан Республикасы Қоршаған орта
Әуесбек Зпашұлы              және су ресурстары министрлігінің
                             Экологиялық реттеу және бақылау
                             комитеті төрағасының орынбасары
Такиев                     - Қазақстан Республикасы Экономика және
Мәди Төкешұлы                бюджеттік жоспарлау министрлігінің
                             Салық және кеден саясаты департаментінің
                             директоры
Жолдыбай                   - Қазақстан Республикасы Әділет
Мақсат Орынбекұлы            министрлігінің Мемлекеттің мүліктік
                             құқықтарын қорғау департаментінің
                             директоры;
      көрсетілген құрамнан: Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев, Қанатбек Бейсенбекұлы Сафинов, Болат Сұлтанұлы Өжкенов, Сүйіндік Мырзахметұлы Төрекелдиев, Бақыт Қалмырзаұлы Жақсыбаев, Әлия Өмірбекқызы Есенбаева шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов