РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1520 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
«III. Нысаналы даму трансферттері» деген бөлімде:
2 «Қорғаныс» деген функционалдық топта:
202 «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі» деген әкімші бойынша:
020 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне халықты, объектілер мен аумақтарды дүлей табиғи зілзалалардан қорғау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге берілетін ағымдағы нысаналы даму трансферттері» деген бағдарламада:
«2013 жыл» деген бағанда:
«Шығыс Қазақстан облысы» деген жолдағы «974 230» деген сандар «924 230» деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
Батыс Қазақстан облысы |
50 000 |
».
2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов