РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1520 қаулысына мынандай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 42-қосымшада:
реттік нөмірі 41-жолда:
2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Астана қаласындағы ЭКСПО - 2017 көрме кешенінің құрылысына ТЭН әзірлеу (басталуы)»;
3-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Астана қаласындағы ЭКСПО - 2017 көрме кешенінің құрылысына» ТЭН әзірлеу (басталуы)».
2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов