Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1217 қаулысы.

Қолданыстағы

      "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспорты бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 12 қарашадағы
№ 1217 қаулысымен
бекітілген

Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге
қарсы қорғалуының үлгілік паспорты ____________________________________________

      (объектінің атауы)

      БЕКІТЕМІН: КЕЛІСІЛДІ:

      Объектінің басшысы Бастық

      _____________________________

      (аумақтық ішкі істер органы

      бөлінісінің атауы

      ____________________________ _____________________________

      (қолы, Т.А.Ә.) (қолы, Т.А.Ә.)

      20__ жылғы "___" ___________ 20__ жылғы "___" ____________

      мөр орны мөр орны

      ________________________

      (елді мекеннің атауы)

      ________________

      (жасалған күні)

Мазмұны

      1. Объекті туралы жалпы мәліметтер

      2. Объектінің сипаты

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес объектінің инженерлік-техникалық жарақтандырылуы және терроризмге қарсы қорғалуы туралы мәліметтер

      4. Объектінің жоспары

      5. Объекті ғимаратының (құрылысының) қабат бойынша жоспарлары

      6. Объекті ғимаратының (құрылысының) инженерлік коммуникациялық схемасы

Объект туралы жалпы мәліметтер

      1. Объект туралы жалпы ақпарат:

      1) санаты;

      2) қызметінің бейіні;

      3) толық және қысқаша атауы;

      4) ведомстволық тиесілігі, ұйымдық-құқықтық нысаны;

      5) мөр бедерінің үлгісі;

      6) пошталық мекенжайы, телефоны, факсы, электрондық мекенжайы;

      7) басшының, басшы орынбасарының тегі, аты, әкесінің аты (жұмыс, үй және ұялы телефондары).

2. Объектінің сипаты

      2. Объектінің жалпы алаңы (шаршы метр).

      3. Аумақта автопаркингтің (тұрақ орнының саны), бөлек ғимараттар мен құрылыстардың болуы.

      4. Периметрі бойынша қоршау, периметрді және объектінің периметрімен шектесетін басқа да аумақтың учаскелерін күзет шебімен жабдықтау.

      5. Объектінің әрбір жеке ғимаратындағы және құрылысындағы үй-жайлардың саны (бірлік, шаршы метр).

      6. Объектідегі әрбір ғимараттың есепті сыйымдылығы (ең көп/ең аз адам).

      7. Объектінің жұмыс (объектіге келу) режимі.

      8. Әрбір ғимаратқа және құрылысқа арналған кіретін және шығатын бөлек есіктерінің (оның ішінде қосымша және апаттық) саны.

      9. Эвакуация жолдарының болуы және саны.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын объектілердің
терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес
объектінің инженерлік-техникалық жарақтандырылуы және
терроризмге қарсы қорғалуы туралы мәліметтер

      10. Объектіні жеке күзету бойынша қызметтер көрсететін күзет қызметі субъектісі (бұдан әрі – КҚС) _______________________________.

      (КҚС-тың атауы, күзет қызметтеріне арналған шарт №, күзет қызметімен айналысу құқығына арналған лицензияның №, берілген күні, кім берді)

      11. Объекті күзетінің саны:

      Жұмылдырылған барлық күзетшілер: _____________________________;

      күндізгі ауысымға: ____ ___ сағат __ минуттан ___ сағат ___ минутқа дейін;

      түнгі ауысымға: ____ ___ сағат __ минуттан ___ сағат ___ минутқа дейін;

      тәулік бойы: ____ ___ сағат __ минуттан ___ сағат ___ минутқа дейін.

      12. Күзет қызметкерлерінде қару-жарақ пен арнайы құралдардың болуы:

      қызметтік, табельдік атыс қаруы _______ бірлік.

      арнайы құралдар ______________________________________________;

      (әрбір түрінің және моделінің атауы мен санын көрсету)

      қызметтік (қарауылдық) иттердің саны _________________________.

      13. Техникалық қауіпсіздік құралдарының көмегімен объектіні күзету қызметтерін көрсететін күзет қызметінің субъектісі __________.

      (КҚС-тың атауы, күзет қызметтеріне арналған шарт №, күзет қызметімен айналысу құқығына арналған лицензия №, берілген күні, кім берді)

      14. Объектінің терроризмге қарсы қорғалуы бойынша қойылатын талаптарға сәйкестігі ______________________________________________.

      (сәйкестік дәрежесін көрсету: толығымен сәйкес келеді/ішінара сәйкес келеді/сәйкес келмейді)

      15. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қойылатын талаптарға сәйкес объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы мәліметтер (паспорттың ажырамас бөлігі болып табылатын жекелеген қосымшамен ресімделеді).

4. Объектінің жоспары

      (паспорттың ажырамас бөлігі болып табылатын жекелеген қосымшамен

      ресімделеді)

      16. Объектінің жоспарында:

      1) учаскенің (объекті аумағының) шекарасы, атауы, сондай-ақ объекті аумағына іргелес көшелер мен өту жолының орналасуы;

      2) объекті аумағында бөлек ғимараттар мен құрылыстардың орналасуы;

      3) объекті аумағына/аумағынан кіретін/шығатын (негізгі, қосалқы, авариялық) есіктер;

      4) объектінің инженерлік коммуникациялық (объекті аумағында жүргізілген, ғимараттар мен құрылыстарды электрмен, сумен, газбен және жылумен жабдықтау желілері ауаны желдету және баптау) сызбасы;

      5) күзет бекеттері, техникалық бақылау құралдары, күзет сигнализациясы, бейнебақылау камералары орналастырылған жерлер;

      6) жарылғыш қауіпті, өртке қауіпті, улы заттарды, қауіпті биологиялық, ядролық және радиоактивті материалдарды сақтау (өндіру) орындары;

      7) төтенше жағдайлар, оның ішінде терроризм актілері қаупі туралы хабарлау құралдарының болуы көрсетіледі.

5. Объекті ғимараттарының (құрылыстарының) қабат бойынша
жоспары

      (паспорттың ажырамас бөлігі болып табылатын жекелеген қосымшамен

      ресімделеді)

      17. Қабат бойынша жоспарда:

      1) ғимараттан/ғимаратқа шығатын/кіретін (негізгі, қосалқы, авариялық) есіктер;

      2) техникалық бақылау құралдары, күзет және өрт сигнализациясы, бейнебақылау камералары;

      3) күзет бекеттерінің орналасуы;

      4) авариялық және төтенше жағдайлар туындаған кезде персонал мен келушілерді эвакуациялау схемасы;

      5) зардап шеккендерді орналастыруға және алғашқы көмек көрсетуге арналған болжамды орындар ("Ғимарат ішіндегі қауіпсіз аймақ", пана) көрсетіледі.

6. Объекті ғимараттарының (құрылыстарының) инженерлік
коммуникациялық схемалары

      (паспорттың ажырамас бөлігі болып табылатын жекелеген қосымшамен

      ресімделеді)

      18. Объекті ғимаратының (құрылысының) инженерлік коммуникациялық схемасында:

      1) объекті ғимаратын (құрылысын) электрмен жабдықтау схемасы;

      2) объекті ғимаратын (құрылысын) сумен жабдықтау схемасы;

      3) объекті ғимаратын (құрылысын) газбен жабдықтау схемасы;

      4) объекті ғимаратын (құрылысын) жылумен жабдықтау схемасы;

      5) телекоммуникация, ауаны желдету және баптау желілерінің схемасы;

      6) құлып салынатын люктар мен торлар орнатылған (ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларында) жерлер, сондай-ақ олардың кілттерін сақтайтын орындар көрсетіледі.