"Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1345 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 қазандағы № 1120 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1345 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 5, 59-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен құрылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Дүйсенова                      - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Тамара Босымбекқызы              халықты әлеуметтік қорғау министрі
Сәрінжіпов                     - Қазақстан Республикасының Білім және
Аслан Бәкенұлы                   ғылым министрі;

      көрсетілген құрамнан: Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов, Серік Сақбалдыұлы Әбденов, Ерлан Тынымбайұлы Қарин шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов