"Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1112 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 46, 582-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі туралы ережеде:
      16-тармақта:
      «Орталық аппараттың функциялары:» деген бөлікте:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) инвестициялық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік саясатты қалыптастыру және жүргізу;»;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) экономиканың және республика халқының тасымалдауларға, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалына және олармен байланысты қызметтерге қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау;»;
      24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «24) жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу тәртібін әзірлеу;»;
      37) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «37) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және өзге де елді мекендердің жергілікті өкілді және атқарушы органдарымен келісім бойынша теміржол станцияларының, разъездердің жұмыс режиміне қойылатын талаптарды, сондай-ақ оларды ашу және жабу тәртібін айқындау;»;
      41) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «41) тасымалдаушының және Ұлттық инфрақұрылым операторының қарамағындағы әскерилендірілген күзетке жататын темір жол көлігі объектілерінің тізбесін әзірлеу;»;
      47) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «47) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына сәйкес ұшу қауіпсіздігі бойынша бағдарламаны әзірлеу;»;
      53) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «53) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиациялық персоналды кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламаларын бекіту;»;
      63) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «63) шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты ұшуларының кестелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық авиамаршруттарындағы шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты рейстерінің кестесін бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту;»;
      88) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «88) кеме атауын беру тәртібін белгілеу;»;
      90) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «90) кеме құжаттарының тізбесін, кеме құжаттарын жүргізу қағидаларын және кеме құжаттарына қойылатын талаптарды бекіту;»;
      93) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «93) сауда мақсатында теңізде жүзу саласында тасымалдау үшін жүктерді қабылдауды уақытша тоқтатудың немесе шектеудің әрекет ету мерзімін белгілеу туралы әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде шешімдер қабылдау;»;
      112)113)129)133)137)160) және 171) тармақшалар алынып тасталсын;
      188) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «188) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиiлiктi құрылғыларын қоса алғанда, радиожиілік спектрін пайдалануға, Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды іске қосуға рұқсаттар беру;»;
      198) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «198) өз құзыретi шегiнде телерадио хабарларын тарату саласындағы нормативтiк құқықтық және нормативтiк техникалық актiлердi, оның iшiнде телерадио хабарларын тарату жүйесiн техникалық пайдалану қағидаларын, телерадио хабарларын тарату сапасына бақылау жүргiзу қағидаларын, теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желiлерiне қосу қағидаларын бекiту;»;
      204) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «204) теңіз порты акваториясын қоса алғанда, теңіз портының шекараларын айқындау;»;
      мынадай мазмұндағы 205-1), 205-2), 205-3), 205-4), 205-5), 205-6), 205-7), 205-8), 205-9), 205-10), 205-11), 205-12), 205-13), 205-14), 205-15), 205-16), 205-17), 205-18), 205-19), 205-20), 205-21), 205-22), 205-23), 205-24), 205-25), 205-26), 205-27), 205-28), 205-29), 205-30), 205-31), 205-32), 205-33), 205-34), 205-35), 205-36), 205-37), 205-38), 205-39), 205-40), 205-41), 205-42), 205-43) және 205-44) тармақшалармен толықтырылсын:
      «205-1) Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту;
      205-2) тасымалдаушылардың қызметтер көрсету, автовокзалдардың, автостанциялардың және халыққа қызмет көрсету пункттерінің қызметтер көрсету ұлттық стандарттарын әзірлеу;
      205-3) кемелердің командалық құрамының адамдарына арналған дипломның нысанын бекіту;
      205-4) Ішкі су жолдарында кемемен жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жол жұмыстарын жоспарлау және жүргізу қағидаларын бекіту;
      205-5) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша кеме қатынайтын су жолдарымен кемелердің жүзуі туралы есептіліктің нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ оны әзірлеу тәртібін бекіту;
      205-6) кемемен жүзу су жолдары бойынша кемелердің жүзуі туралы есептілікті әзірлеу;
      205-7) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша Ішкі су көлігі кемелеріндегі еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау саласындағы қағидаларды бекіту;
      205-8) Қазақстан Республикасының аумағындағы авиациялық оқиғалар мен азаматтық авиация инциденттерін тергеу жөніндегі жұмысты Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Авиациялық оқиғаларды және инциденттерді тергеу қағидаларына сәйкес ұйымдастыру;
      205-9) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген не кемелердің пайдаланушылары жеке немесе заңды тұлғалар болып табылатын әуе кемелерімен басқа мемлекеттердің аумағында болған авиациялық оқиғаларды және азаматтық авиация инциденттерін тергеуге қатысу;
      205-10) авиациялық оқиғаларды және инциденттерді болдырмау немесе олардың салдарын жою мақсатында ұсыныстар беру, сондай-ақ осы ұсынымдардың орындалуына талдау жүргізу;
      205-11) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген не пайдаланушылары Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғалары болып табылатын әуе кемелерімен болған авиациялық оқиғалар мен инциденттер жөнінде статистикалық деректер жүргізу;
      205-12) Қазақстан Республикасының аумағында шетел мемлекеттері пайдаланушыларының әуе кемелерімен болған авиациялық оқиғалар мен инциденттер бойынша статистикалық деректер жүргізу;
      205-13) халықаралық азаматтық авиация ұйымдарымен статистикалық деректермен алмасуға қатысу;
      205-14) авиациялық оқиғаларды және инциденттерді тергеуге жауапты шетел мемлекеттерінің органдарымен және халықаралық азаматтық авиация ұйымдарымен ынтымақтастық;
      205-15) авиациялық оқиғаларды және инциденттерді тергеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен ынтымақтастық;
      205-16) авиациялық оқиғаларды және инциденттерді тергеу кезінде дәлелдемелердің сақталуын қамтамасыз ету;
      205-17) ұшу қауіпсіздігі туралы құпия ақпараттың қорғалуын қамтамасыз ету;
      205-18) авиациялық оқиғаларды жинау, бағалау, өңдеу, сақтау және тіркеу тетіктерін қоса алғанда, авиациялық оқиғалар мен инциденттер туралы деректерді міндетті және ерікті түрде беру жүйесін әзірлеу, енгізу, зерттеу және қолдау;
      205-19) мемлекеттік және халықаралық деңгейдегі ұшу қауіпсіздігі туралы ақпаратпен алмасуға және авиациялық оқиғалар туралы ақпаратты таратуға қатысу;
      205-20) азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігімен байланысты ақпаратты жинау мен талдауды жүзеге асыру, сондай-ақ осындай ақпаратты азаматтық авиация саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың назарына жеткізу;
      205-21) Радиотелефон байланысында пайдаланылатын тілді меңгеру деңгейін анықтауға арналған тестілеу қағидаларын бекіту;
      205-22) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкестігінің мониторингін жүзеге асыру;
      205-23) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарымен және ұсынылатын практикасымен айырмашылықтар туралы Халықаралық азаматтық авиация ұйымына (ИКАО) уақтылы хабарлауды және олардың аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жариялануын қамтамасыз ету;
      205-24) Қазақстан Республикасында теміржол көлігіндегі жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту;
      205-25) теміржол көлігінде шикізат пен материалдар, қосалқы бөлшектер, жабдықтар, жанармай, энергия шығыстарының, табиғи монополиялар және реттелетін нарық субъектілері техникалық шығындарының техникалық және технологиялық үлгілік нормаларын бекіту;
      205-26) теміржол вокзалдарының тізбесін олардың класына сәйкес бекіту;
      205-27) халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметінің қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      205-28) халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу қағидаларын әзірлеу;
      205-29) оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын мемлекеттік қызметтердің тізбесін және оларды электрондық нысанға ауыстыру мерзімдерін әзірлеу;
      205-30) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы қызметінің қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      205-31) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтардың әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу;
      205-32) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларын әзірлеу;
      205-33) бір өтініш негізінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізбесін әзірлеу;
      205-34) мемлекеттік қызметтерді көрсетудің электрондық нысанын және (немесе) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетуді көздейтін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын келісуді жүзеге асыру;
      205-35) электрондық нысанда және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
      205-36) мемлекеттік қызметтер көрсетудің мониторингі ақпараттық жүйесіне деректерді енгізу қағидаларын бекіту;
      205-37) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын бағалау тәртібін айқындау;
      205-38) құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың өтінімдері бойынша авиакомпаниялардың (дипломатиялық иммунитеті бар шетелдік мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар өкілдіктерінен басқа) оқиғалар, төтенше жағдайлар орындарына құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың жеке құрамын тасымалдау және шұғыл медициналық жәрдемге мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелеріне жеткізу бойынша қызметтерді көрсету туралы шешім қабылдау;
      205-39) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша мемлекеттік органдардың байланысын басқару орталықтарымен және төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен, сондай-ақ қарамағында телекоммуникациялар желілері бар уәкілеттік мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдайды енгізген кезде байланыс желілерін басқару жөнінде шешім қабылдау;
      205-40) әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, төтенше жағдай енгізілген кезде көлік кәсіпорындарының шарттық қатынастарын тоқтата тұру жөнінде шешім қабылдау;
      205-41) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өкілеттіктер шегінде Қазақстан Республикасының Теңіз әкімшілігі ретінде әрекет ету;
      205-42) импорттан өзгеше жағдайларда, азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындылар беру;
      205-43) радиожиілік спектрін пайдалануды реттеу;
      205-44) Қазақстан Республикасындағы электромагниттік жағдайды көрсететін радиожиілік спектрінің республикалық дерекқорын жүргізу;»;
      «Ведомстволардың функциялары» деген бөлікте:
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша отандық және шетелдік ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсаттар беру;»;
      26) тармақша алынып тасталсын;
      35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «35) авиациялық персоналға жататын тұлғаға оның қажетті білімі мен дағдылары бар екенін, сондай-ақ денсаулығының белгіленген талаптарға сай келетінін растайтын кәсіптік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін авиациялық персонал куәлігін беру, куәліктің қолданыс мерзімін ұзарту, қайтарып алу, мұндай куәліктің қолданысын тоқтата тұру, куәлікке біліктілік және арнайы белгілер енгізу;»;
      37) тармақша алынып тасталсын;
      42) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «42) Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғаларының меншiгiндегi азаматтық әуе кемелерiне құқықтарды және аталған әуе кемелерiмен жасалатын мәмiлелерді, сондай-ақ қайтарылмайтын өкілеттіктерді мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;»;
      59) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «59) кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді, оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, тиісті кеме құжаттарын беру, Мемлекеттік кеме тізілімін, кеме кітабын және жалға алынған шетелдік кемелердің тізілімін жүргізу;»;
      62) тармақша алынып тасталсын;
      68) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «68) электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды дайындау және беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;»;
      74)77) тармақшалар алынып тасталсын;
      84) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «84) Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;»;
      85) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «85) жолаушылар мен багаждың тұрақты автомобиль тасымалдарына рұқсат құжаттардың болуын тексеруді жүзеге асыру және жолаушылар мен багаждың тұрақты емес халықаралық автомобильдер тасымалдары кезінде қозғалыс бағыты мен кестесінің сақталуын, сондай-ақ жолаушылар тізімінің болуын бақылау;»;
      109) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «109) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын және (немесе) халықаралық стандарттарды сақтауын мемлекеттік реттеуді, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;»;
      122) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «122) кемелерді, салдарды және ішкі су жолдарында орналасқан өзге де жүзбелі объектілерді және құрылыстарды олардың қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету талаптарына сәйкестігіне қарап тексеруді жүргізу;»;
      127) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «127) жеке және заңды тұлғалардың Ішкi су жолдарымен жүзу қағидаларын сақтауын бақылау және қадағалау;»;
      128)130)137) және 143) тармақшалар алынып тасталсын;
      144) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «144) ішкі су көлігі саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;»;
      178) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «178) пайдалануға рұқсат болмаған және (немесе) техникалық сипаттамалар белгiленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайларда азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды өшiру;»;
      187) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «187) халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін ұйымдастыру;»;
      188) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «188) халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін және олардың көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимылын үйлестіру;»;
      189) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «189) халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;»;
      204) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «204) телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық сипаттамаларының және ұлттық телерадио хабарларын тарату стандарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;»;
      210) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «210) азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру;»;
      215) тармақша алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 222), 223), 224), 225), 226), 227), 228), 229), 230), 231), 232), 233), 234), 235), 236) және 237) тармақшалармен толықтырылсын:
      «222) жеке және заңды тұлғалардың су көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру, олардың бұзылуын анықтау және жолын кесу жөніндегі шаралар қабылдау;
      223) сертификаттауды және әуе қозғалысына қызмет көрсететін органның және (немесе) аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдық пен байланысты пайдалану қызметінің сертификатын беруді жүзеге асыру;
      224) азаматтық және эксперименттік авиация саласындағы ұшудың іздестіру-құтқарушылық және апаттық-құтқарумен қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асыру;
      225) авиациялық оқыту орталықтары және азаматтық авиация ұйымдары әзірлеген авиациялық персоналды кәсіптік даярлау бағдарламаларын келісу;
      226) мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларына сәйкес астананың және астаналық әуежайдың үстіндегі әуе кеңістігін пайдалану тәртібін белгілеу;
      227) жеке және заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуін тұрақты қадағалауды жүзеге асыру;
      228) қызметі сертификатталуға жатпайтын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асыру;
      229) тұрақты қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі жыл сайынғы бағдарламаны қабылдау;
      230) Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) стандарттарының негізінде әзірленген шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелерін перрондық тексерудің тексеру парақтарының нысанын бекіту;
      231) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету;
      232) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;
      233) теңіз көлігі аясындағы навигация және байланыс саласындағы қызметтерді ұсыну жөніндегі уәкілетті ұйымды айқындау;
      234) шет мемлекеттердің мемлекеттік және эксперименттік әуе кемелерінің халықаралық ұшуы, сондай-ақ шет мемлекеттердің әскери құралымдарын, қару-жарақтарын және әскери техникасын тасымалдауға арналған әуе кемелерінің халықаралық ұшуы үшін ашылған әуежайларды айқындау;
      235) азаматтық авиацияның пайдаланушылары мен ұйымдарының қаржы-экономикалық жағдайы туралы ақпараттың нысанын бекіту;
      236) шетелдік пайдаланушының азаматтық әуе кемесін перрондық және жоспардан тыс перрондық тексеруді жүзеге асыру;
      237) метрополитенде қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін және техникалық құралдардың күтіп-ұсталуын бақылауды жүзеге асыру.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов