«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 3-тармағына және «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақы алу қағидалары;
2) Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі C. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 4 қазандағы
№ 1055 қаулысымен
бекітілген
Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар жалпыға ортақ
пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі
жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы
бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен
тыс ашық кеңістікте және ауданда тіркелген көлік құралдарында
орналастырғаны үшін төлемақы алу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақы алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 3-тармағын және «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.
2. Қағидаларда сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақы алу тәртібі белгіленеді.
2. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар жалпыға ортақ
пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі
жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы
бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен
тыс ашық кеңістікте және ауданда тіркелген көлік құралдарында
орналастырғаны үшін төлемақы алу тәртібі
3. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастырған кезде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген мөлшерлемелер бойынша алынады.
4. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін (бұдан әрі - жарнама объектісі) орналастыру:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ауданның жергілікті атқарушы органы белгілі бір мерзімге беретін құжат негізінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде орналастырған кезде;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ауданның жергілікті атқарушы органы белгілі бір мерзімге беретін рұқсат негізінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырған кезде;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ауданның жергілікті атқарушы органы белгілі бір мерзімге беретін рұқсат негізінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастырған кезде жүргізіледі.
5. Төлемақы сомасы Қазақстан Республикасының аумағындағы жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі, ауылдық округтердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және ауданда тіркелген көлік құралдарына орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырған жері бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына төленеді.
Бұл ретте алынатын төлемақы мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы орган белгілі бір мерзімге беретін рұқсат құжатында белгіленген, бірақ күнтізбелік бір ай үшін төлемақы мөлшерінен кем емес төлемақы мөлшерлемелері мен жарнама объектілерін орналастырудың нақты мерзімі негізге алына отырып айқындалады.
Егер осы Қағидалардың 7-тармағында өзгеше көзделмесе, күнтізбелік бір ай үшін жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына төлеуге жататын төлемақы сомасы келесі айдың 25-күнінен кешіктірілмей төленеді.
Төленген төлем сомалары қайтаруға жатпайды.
6. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы жарнама объектілеріне орналастыруға құқық беретін тиісті рұқсат құжаты болмаған кезде, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін нақты орналастыру төлемақы сомаларын жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына төлеуге негіз болып табылады.
Бұл ретте төлемақы төлеушілер рұқсат беру құжатынсыз сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру фактісі анықталған кезден бастап 5 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген бір күнтізбелік айға айқындалған мөлшерлемелер бойынша төлемақы төлейді.
7. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлемақы төлеушілер рұқсат құжатын алу кезінде жергілікті атқарушы органдарға жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақы сомасын жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына есепке жатқызуды растайтын құжатты табыс етеді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 4 қазандағы
№ 1055 қаулысымен
бекітілген
Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар жалпыға ортақ
пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі
жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы
бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен
тыс ашық кеңістікте және ауданда тіркелген көлік құралдарында
орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
1. Төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру жүзеге асырылатын тиісті күнтізбелік айдың бірінші күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшері негізге алына отырып айқындалады.
2. Мынадай жерлерде орналастырылатын жарнама объектілері бойынша ай сайынғы базалық төлемақы мөлшерлемелері:
1) аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте жарнама объектісінің ауданы және орналастыратын жері негізге алына отырып белгіленеді:
Р/с |
Жарнама түрлері |
Жылжымайтын объектілерге төлемақы мөлшерлемелері |
1 |
2 |
3 |
1. |
Ауданы 2 ш.м дейін сілтемелер, маңдайшалар, ақпаратты қалқандар (бір объекті үшін) |
0 |
2. |
Лайтбокстар (сити-форматтағы) |
1 |
3. |
Ауданы мынадай болатын жарнамалық-ақпараттық объектілер: |
|
1) |
2-ден 5 ш.м дейін |
1 |
2) |
5-тен 10 ш.м дейін |
2 |
3) |
10-нан 20 ш.м дейін |
5 |
4) |
20-дан 30 ш.м дейін |
5 |
5) |
30-дан 50 ш.м дейін |
10 |
6) |
50-ден 70 ш.м дейін |
15 |
7) |
70 ш.м астам |
25 |
4. |
Шатырүсті неонды жарнама құрылғылары (жарық-динамикалық панно немесе көлемді неонды әріптер): |
|
1) |
30 ш.м дейін |
10 |
2) |
30 ш.м астам |
10 |
5. |
Палаткалардағы, тенттердегі, шатырлардағы, бастырмалардағы, қалқа-шатырлардағы, тулардағы, жалаушалардағы, штандарттардағы жарнама: |
|
1) |
5 ш.м дейін |
0 |
2) |
5-тен 10 ш.м дейін |
0 |
3) |
10 ш.м астам |
1 |
6. |
Уақытша тұрпаттағы дүңгіршектер мен павильондардағы жарнама: |
|
1) |
2 ш.м дейін |
0 |
2) |
2-ден 5 ш.м дейін |
0 |
3) |
5-тен 10 ш.м дейін |
1 |
4) |
10 ш.м астам |
2 |
7. |
Жарнамалық жайма құрылғылар (штендерлер) |
1 |
2) көлік құралдарында жарнама объектісінің ауданы және орналастырылатын жері негізге алына отырып белгіленеді:
Р/с |
Жарнама түрлері |
Ауданда тіркелген жылжымайтын объектілерге төлемақы мөлшерлемелері |
1 |
2 |
3 |
1. |
Көлік құралының сыртқы жағындағы жарнама (бір көлік құралы үшін): |
|
1) |
автобустарда, троллейбустарда, трамвайларда, жүк машиналарында, арнайы автомобильдерде (1,5 тоннадан астам жүк көтеретін), өздігінен жүретін машиналар мен механизмдерде |
2 |
2) |
шағын автобустарда, таксилерде, жеңіл автомобильдерде (1,5 тоннаға дейін жүк көтеретін) |
1 |
2. |
Автокөлік құралына орнатылған құрылғылардағы жарнама (панно, қалқандар, лайтбокстер және т.б.), бір жағы үшін: |
|
1) |
2 ш.м дейін |
1 |
2) |
2-ден 5 ш.м дейін |
5 |
3) |
5-тен 10 ш.м дейін |
10 |
4) |
10-нан 20 ш.м дейін |
10 |
5) |
20-дан 40 ш.м дейін |
20 |
6) |
40 ш.м астам |
25 |