"Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 қыркүйектегі № 988 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 23, 29-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасында:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Бөлiм субсидиялар алу үшiн құжаттар қабылдаумен басталатын және аяқталатын күнді белгілейді және құжаттарды қабылдау мерзiмi мен басқа да қажеттi мәлiметтердi көрсете отырып, ВАК-тың жұмыс тәртiбiн жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етедi.»;
      8-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) субсидияланатын тыңайтқыштар мен гербицидтердің түрлері және отандық өндiрушiлер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литрiне, килограмына), тыңайтқыш жеткiзушiден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литрiне, килограмына), гербицид жеткiзушiлерден сатып алынған гербицидтердiң 1 килограмына (литрiне) арналған субсидиялардың нормалары белгіленеді.»;
      10-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) дәндi дақылдар (күрiштен, дәндiк жүгерiден басқа) бойынша – егiс науқанының қорытындылары бойынша 1 гектарға субсидиялардың базалық нормасы бойынша 100 %. Бұл ретте тұқымды себу үшін пайдалану «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабымен регламенттеледі.
      Осы дақылдар ғылым ұсынған құрамында сүрi жердiң (пар) үлесi бар аймақтық ғылыми негiзделген агротехнологияларды сақтай отырып және (немесе) негізгі элементтерді: егіске дейін топырақты құрамында глифосат бар жаппай қолданылатын гербицидтермен көктемгі егіс алдындағы химиялық өңдеуді, арнайы сепкіштермен немесе нөлдік технологияға сәйкес келетін себушілері бар себу кешендерімен себуді, сабанды міндетті түрде ұсақтау мен біркелкі шашып тастай және аңызды биік қылып қалдыра отырып егін жинауды қамтитын нөлдік технологияларды (no-till) қолдана отырып өсiрiлген жағдайда базалық нормаға қарағанда көбейтiлген субсидия төленедi.
      Бұл ретте:
      1) себу Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берiлген Мемлекеттiк селекциялық жетiстiктер тiзiлiмiне енгiзiлген және (немесе) перспективалы деп танылған сұрыптардың үшінші репродукциясынан кем емес тұқымдармен жүзеге асырылады;
      2) базалық және субсидиялардың көбейтілген нормаларын төлеу дәнді дақылдар түрлерінің өңірлердегі басымдылығына қарай сараланып жүзеге асырылуы мүмкін;»;
      2) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) майлы дақылдар, күрiш, дәндiк жүгерi, сүрлемдiк жүгерi, сүрлемдiк күнбағыс, мақта, көкөнiс-бақша (қорғалған топырақ жағдайында өсiрiлетiн көкөнiс дақылдарын қоспағанда), жемшөптiк, оның iшiнде бiрiншi, екiншi және үшiншi өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер, жемiс-жидек дақылдары, жүзiм және картоп бойынша – егiс науқанының қорытындылары бойынша базалық норма бойынша 1 гектарға 100 % жүзеге асырылады.»;
      3) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдары бойынша – жылыжайдың түріне байланысты сараланған түрде және өкілетті органның ғылыми-техникалық кеңесінің шешімімен мақұлданған көкөніс дақылдарын өсіруге жұмсалатын шығындар нормативтеріне сәйкес алынған өскін қортындылары бойынша (1 шаршы метрге өнген өскіннің кемінде 95%) әрбір дақыл айналымын бір гектарға көзделген жылдық субсидиялар нормалары бойынша әрбір дақыл айналымынға бөлек 50 %-дан жүзеге асырылады.»;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) шабындық және (немесе) жайылымдық жерге шөп егiп жаңарту және (немесе) түпкілікті жақсарту үшiн егiлген көп жылдық шөптер бойынша (көп жылдық шөптердiң көнежастығы егiстiгiн жырту ғана ескерiледi) – субсидиялардың базалық нормасы бойынша 1 гектарға жүзеге асырылады.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Мынадай жағдайларда:
      1) көкөнiс-бақша дақылдары ашық топырақта, майлы дақылдар, дәндік жүгері, сүрлемдік жүгері, картоп, қант қызылшасы мен мақта өнеркәсiптiк үлгiдегi тамшылатып суару жүйелерiн, өнеркәсiптiк үлгiдегi спринклерлік суару жүйелерiн қолдана отырып өсiргенде. Бұл ретте өнеркәсiптiк үлгiдегi тамшылатып суару жүйесi: сорғы станциясын, гидроциклонды (немесе сүзгiш қондырғыларын), гидроазықтандырғышты, қысым реттегiштi, су өлшегiштi және тамшылатқышы бар құбыржолдар жүйесiн қамтуға тиiс;
      2) суармалы түрде көп жылдық шөптерді, оның ішінде бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарындағы көп жылдық бұршақты шөптерді және шабындық және (немесе) жайылымдық жерге шөп егiп жаңарту және (немесе) түпкілікті жақсарту үшiн егiлген көп жылдық шөптерді (көп жылдық шөптердiң көнежастағы егiстiгiн жырту ескерiледi) өсiргенде субсидия нормасы субсидиялардың базалық нормасымен салыстырғанда көбейедi.»;
      12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Субсидиялар егiстiк жерде өсiрiлетiн оңтайлы мерзiмде себiлген басым ауыл шаруашылығы дақылдарының және (немесе) шабындық және (немесе) жайылымдық жерге шөп егiп жаңарту және (немесе) түпкілікті жақсарту үшiн егiлген көп жылдық шөптердiң алқаптарына ғана төленедi.»;
      13-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң* немесе анықтаманың көшiрмелерiмен (жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың және дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмелерiмен).
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы берілген куәлік заңды тұлғаның қызметiн тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады;»;
      14-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Дәндi дақылдарды (күрiштен, дәндiк жүгерiден басқа) өндiрумен айналысатын АШТӨ базалық нормаға қарағанда көбейтiлген субсидия алушылардың тiзiмiне енгiзу үшiн осы Қағиданың 13-тармағында көрсетiлген құжаттарға қосымша:»;
      14-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14-1. 1 тонна өндірілген қант қызылшасына субсидия алу үшін АШТӨ бөлімге мынадай құжаттарды:
      1) тапсырылған қант қызылшасының көлемін тексеру актісін қоса бере отырып, қант зауытымен қант қызылшасын сатып алу-сату бойынша шарттың (сатылған кезде) көшірмесін;
      2) қайта өңдеуге тапсырылған қант қызылшасының көлемін тексеру актісін қоса бере отырып, алыс-беріс қант қызылшасын қайта өңдеу қызметтерін көрсету туралы шарттың көшірмесін ұсынады.»;
      23-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана және Алматы қалалары) әкімі екі жұмыс күні ішінде АШТӨ-нiң тiзiмiн бекітеді.»;
      25-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тиесілі субсидияларды АШТӨ-нің банк шоттарына аударуды басқарма тиісті жылғы 1 желтоқсанға дейін жүзеге асыратын осы Қағиданың 10-тармағының 2-1) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тиесілі субсидияларды АШТӨ-нің банк шоттарына аударуды басқарма тиісті жылғы 15 қыркүйекке дейін жүзеге асырады.»;
      29-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмесінен (жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың және дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмелерінен);»;
      69-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұл ретте осы Қағиданың 8-тармағының 4) тармақшасында көзделген тыңайтқыштар пен гербицидтер түрлеріне арналған субсидия нормаларын белгілеген кезде тыңайтқыш жеткізушілер мен гербицид жеткізушілер сататын шетелдік өндіріс тыңайтқыштарының және (немесе) гербицидтерінің құны ұқсас отандық өндіріс тыңайтқыштарының және (немесе) гербицидтерінің құнынан аспауы тиіс, отандық және шетелдік өндіріс тыңайтқыштары мен гербицидтеріне арналған субсидия мөлшерлері арасындағы айырмашылық осы Қағиданың 69-тармағында белгіленген айырмашылыққа бара-бар сәйкес болуы тиіс.»;
      71-тармақта:
      бірінші бөлікте:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң* немесе анықтаманың көшiрмелерiн (жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың және дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмелерiн).
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы берілген куәлік заңды тұлғаның қызметiн тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады;»;
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) химиялық өнімді тіркеу туралы куәліктің (минералдық тыңайтқыштар үшін), сатып алынған тыңайтқыштар мен гербицидтерге арналған сәйкестiк сертификаттарының көшiрмелерiн;»;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Игерілмеген қаражат қалыптасқан және (немесе) қосымша қаражат бөлінген жағдайда ВАК-тың жұмыс органы жергілікті атқарушы органдар белгілеген мерзімде жоғарыда көрсетілген құжаттармен қоса қосымша өтінімдер қабылдауды жүзеге асырады.»;
      75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «75. ВАК-тың жұмыс органы ұсынған құжаттарды ВАК сегіз жұмыс күнi iшiнде қарайды және тиесiлi субсидиялар сомасын көрсете отырып, осы Қағидаға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АШТӨ тiзiмiн қалыптастырады және оны аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiне, ал Астана мен Алматы қалалары бойынша – қала әкiмiне бекiтуге жiбередi. Бұл ретте субсидиялауға жататын тыңайтқыштардың және (немесе) гербицидтердiң көлемi бөлiнген бюджет қаражаты мен әрбiр АШТӨ-нiң егiс алаңдарының мөлшерi ескерiле отырып, АШТӨ-нiң өтiнiмдерiне тең белгiленедi.
      Осы АШТӨ тiзiмiне енгiзуден бас тартылған жағдайда жұмыс органы АШТӨ-ге тiзiм жасалған сәттен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей бас тарту себебiн көрсете отырып жазбаша хабарлама бередi.»;
      76-тармақ алынып тасталсын;
      80-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «80. Басқарма ВАК-тың жұмыс органы тізім ұсынғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша:»;
      81-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) басқарма өндiрушiге арзандатылған тыңайтқыштар алуға арналған АШТӨ-нiң жиынтық тiзiлiмiн жасағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде ұсынады.
      Осы Қағиданың 71-тармағына сәйкес қосымша өтінімдер қабылданған жағдайда жергілікті атқарушы органдар белгілеген мерзімде басқарма өндiрушiге арзандатылған тыңайтқыштар алуға арналған АШТӨ-нiң қосымша жиынтық тiзiлiмiн ұсынады;»;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) басқарма өндiрушi құжаттарды тапсырған сәттен бастап үш жұмыс күнi iшiнде:
      ұсынылған құжаттарды тексередi, өндірушіге тиесілі бюджеттік қаражат көлемін айқындайды;
      осы Қағидаға 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тыңайтқыштардың iс жүзiнде сатылған көлемi жөнiндегi актiнi жасайды, бекiтедi және өндiрушiге жолдайды;
      осы Қағидаға 23-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тыңайтқыштардың құнын iшiнара арзандатқаны үшiн өндiрушiге субсидиялар төлеуге арналған ведомость қалыптастырады.»;
      82-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) гербицид жеткiзушiлерден сатып алынған гербицидтерге субсидиялар алу үшiн басқарма АШТӨ-нiң жиынтық тiзiлiмдерi негiзiнде оларды жасағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаға 23-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АШТӨ-ге субсидиялар төлеуге арналған ведомость қалыптастырады.»;
      83-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «83. Тиесілі субсидияларды АШТӨ-нің және өндірушілердің банк шоттарына аударуды басқарма төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес ай сайын, тиісті айдың 30-күніне дейін аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне екi данада төлем шоттарымен қоса төлем шоттарының тiзiлiмiн ұсыну арқылы жүзеге асырады.»;
      көрсетілген Қағидаға 6-қосымшада:
      2-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмесі (жеке тұлға үшін – жеке басын растайтын құжаттың және дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмелері);»;
      көрсетілген Қағидаға 18-қосымшада:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Тiркеу туралы куәлiк немесе анықтама   ______________________________________               »;
      (№, кiм және қашан берген)        
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                       С. Ахметов