"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары туралы ережені және Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 тамыздағы № 915 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 976 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары туралы ережені және Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 тамыздағы № 915 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 703-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау қағидаларында:
      7-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) 3,5 х 4,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосурет.»;
      9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беруді және аттестаттауды өткізу туралы өтінішті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.»;
      мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:
      «22-1. Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттауға жіберу үшін тұлға Комиссия төрағасының атына аумақтық бөлімшеге еркін нысанда өтініш береді, оған мынадай құжаттар:
      1) жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;
      2) жұмыс дипломының көшірмесі;
      3) кемедегі жұмысқа жарамдылығы туралы медициналық комиссияның қорытындысы қоса беріледі.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С.Ахметов