"Арнайы қорғау дәрежесін талап ететін баспа өнімін берушілерді айқындау туралы, сондай-ақ олардан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 1222 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Републикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 967 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Арнайы қорғау дәрежесін талап ететін баспа өнімін берушілерді айқындау туралы, сондай-ақ олардан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 1222 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 47, 561-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан сатып алынатын арнайы қорғау дәрежесі талап етілетін баспа өнімінің тізбесінде:
      реттік нөмірі 119-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «119. Жол жүру құжаты (босқынның)»;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 120, 121-жолдармен толықтырылсын:
      «120. Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі
      121. Теңізде жүзу кітапшасы.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С.Ахметов