Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізсін;
2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С.Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 959 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.
2. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жалпы мемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірі 248-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«248. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны».
3. «Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 511 қаулысында:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірі 139-жол жаңа редакцияда жазылсын:
«139. «Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны».