"2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1520 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 қыркүйектегі № 954 қаулысы

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1520 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      «III. Нысаналы даму трансферттері» деген бөлімде:
      13 «Өзгелер» деген функционалдық топта:
      214 «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі» деген әкімші бойынша:
      015 «Облыстық бюджеттерге «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды дамыту үшін берілетін нысаналы даму трансферттері» деген бағдарламада:
      «2013 жыл» деген бағанда:
      «Алматы облысы» деген кіші бөлімдегі «2 511 063» деген сандар «2 604 391» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Жамбыл облысы» деген кіші белімдегі «229 000» деген сандар «547 377» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қарағанды облысы» деген кіші бөлімдегі «1 833 980» деген сандар «2 016 391» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қостанай облысы» деген кіші бөлімдегі «32 097» деген сандар «337 981» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Солтүстік Қазақстан облысы» деген кіші бөлімдегі «1 368 000» деген сандар «468 000» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С.Ахметов