Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Ұлттық холдингтердiң және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берiлген және (немесе) олардың меншiгiнде тұрған стратегиялық объектiлердiң және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншiгiнде тұрған стратегиялық объектiлердiң тiзбелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 31, 330-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншiгiнде тұрған стратегиялық объектiлердiң тiзбесiнде:
«Меншiгiнде стратегиялық объектiлер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттерi (қатысу үлестерi, пайлары)» деген бөлiмде:
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 29-жолмен толықтырылсын:
«
29 |
«Серебрянск органикалық емес өндіріс зауыты» ЖШС 100% қатысу үлесі |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi С.Ахметов