"Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 915 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 23-24, 228-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік автомобильдердің тиістілік нормативінде:
      реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын: 

12

Бас прокуратура

Бас прокурор, Бас әскери прокурор

1





2600 **********

Бас прокурордың (Бас әскери прокурордың) орынбасары, Бас прокурордың аппаратының басшысы

1





2600

Бас прокуратура жанындағы Комитет төрағасы

1





2000

Бас прокуратура жанындағы Комитет төрағасының орынбасары

1





2000

      реттік нөмірлері 18, 19 және 20-жолдар мынадай редакцияда жазылсын: 

18

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын, сондай-ақ арнайы көлігі барларын қоспағанда, қызметкерлерінің саны:











100-ге дейін





1

3000-нан көп емес

***

100-ден 200-ге дейін





2******

3000-нан көп емес

***

200-ден 300-ге дейін





3

3000-нан көп емес

***

300-ден 500-ге дейін





4*

3000-нан көп емес

***

500-ден 900-ге дейін





5

3000-нан көп емес

***

900-ден 1300-ге дейін





7

3000-нан көп емес

***

1300-ден жоғары мемлекеттік органдардың орталық аппаратына, олардың ведомстволарын қоса алғанда, көлік қызметін көрсету





9

3000-нан көп емес

***

19

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен Бас прокуратурасын, сондай-ақ арнайы көлігі барларын қоспағанда, қызметкерлерінің саны:











100-ге дейін



1

3000-нан көп емес

***


100-ден 200-ге дейін орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне және олардың облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы** ведомстволарына көлік қызметін көрсету



2******

3000-нан көп емес

***

20

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен Бас прокуратурасын, сондай-ақ арнайы көлігі барларын қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне және олардың аудандардағы (облыстық маңызы бар қалалардағы) ведомстволарына көлік қызметін көрсету



1

3000-нан көп емес

***

»

      2. Осы қаулы қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      С. Ахметов