"Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 725 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 912 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 725 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Қарабалин              - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ
Ұзақбай Сүлейменұлы      министрі, төрағаның орынбасары;

Дүйсенова              - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты
Тамара Босымбекқызы      әлеуметтік қорғау министрі;

мына:

«Мыңбаев               - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ
Сауат Мұхаметбайұлы      министрі, төрағаның орынбасары»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Мыңбаев               - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы»
Сауат Мұхаметбайұлы      акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
                         (келісім бойынша)»;

      көрсетілген құрамнан Серік Сақбалдыұлы Әбденов, Ләззат Кетебайұлы Қиынов шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С.Ахметов