Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 және "Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 қаулыларына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 906 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 86-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
      454462, 468-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «454. БИЖ тізбесі, әрбір жоба бойынша қаржыландырудың атауын және сомасын қамтитын БИЖ ТЭН-ін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу дайындауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган жүзеге асыратын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығымен немесе жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.»;
      «462. Концессиялық жобалардың тізбесі, әрбір жоба бойынша атауын және қаржыландыру сомасын қамтитын концессиялық жобалардың ТЭН-ін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу дайындауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган жүзеге асыратын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығымен немесе жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.»;
      «468. Әрбір жоба бойынша атауын және қаржыландыру сомасын қамтитын концессиялық жобаларды консультативен сүйемелдеу жөніндегі қызметтердің тізбесі дайындауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган жүзеге асыратын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығымен немесе жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.»;
      469-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың ТЭН-ін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ оны сараптамадан өткізуді, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеуді қаржыландыру үшін тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген ақша қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайларда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері кейіннен түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізе отырып, тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу туралы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығына немесе жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісіне өзгерістер енгізу туралы белгіленген тәртіппен әзірленген және қабылданған мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығы немесе жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісі негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бюджеттік бағдарламаларын қалпына келтіру жолымен бөлінген ақшаның пайдаланылмаған бөлігін қайтаруды қамтамасыз етеді.»;
      2) «Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 20, 175-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесінде:
      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «26. БИЖ тізбесі, әрбір жоба бойынша атауын және қаржыландыру сомасын қамтитын, БИЖ ТЭН-ін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу дайындауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган жүзеге асыратын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығымен немесе жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.».
      2. Мыналардың:
      1) «Техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 002 «Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» бюджеттік бағдарламасының 2013 жылға бөлінетін қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № 459 қаулысының;
      2) «Техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 002 «Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» бюджеттік бағдарламасының 2013 жылға бөлінетін қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № 459 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2013 жылғы 5 тамыздағы № 783 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С.Ахметов