«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 32-бабының 2 және 3-тармақтарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігімен бірлесіп, өзге ұйымдық-құқықтық нысандағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы» (бұдан әрі - Ұлттық кәсіпкерлер палатасы) коммерциялық емес ұйымы құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі:
1) «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігімен бірлесіп, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жарғысын бекітуді;
2) «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігімен бірлесіп, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа мүшелерін тағайындауды;
3) Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С.Ахметов