Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 871 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С.Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 871 қаулысымен   
бекітілген       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. «Озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 маусымдағы № 508 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 225-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру ережесінде:
      3-тармақта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың, заңды тұлға жарғысының немесе заңды тұлға құрмай жұмыс істейтін дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариалдық куәландырылған);
      ескертпе:
      *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады»;
      5) тармақша алынып тасталсын;
      4-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама немесе заңды тұлға құрмай жұмыс істейтін дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
      ескертпе:
      *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады»;
      3) тармақша алынып тасталсын;
      2. «Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және сертификатты қайта ресімдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 585 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 48, 654-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және сертификатты қайта ресімдеу қағидаларында:
      9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама;
      ескертпе:
      *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.».
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.06.2014 № 607 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 871 қаулысына   
1-қосымша      

      Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.06.2014 № 607 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 871 қаулысына   
2-қосымша     

      Ескерту. 2-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.06.2014 № 607 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 871 қаулысына   
3-қосымша     

      Ескерту. 3-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.06.2014 № 607 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 871 қаулысына   
4-қосымша      

      Ескерту. 4-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.06.2014 № 607 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).