Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қаржы жүйесі органдарының мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы» акционерлік қоғамы мен «Қаржы академиясы» акционерлік қоғамы бірігу жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қаржы академиясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Мыналар:
1) қоғамға қатысты уәкілетті орган болып Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;
2) қоғам қызметінің негізгі мәні білім беру қызметін іске асыру, қаржы жүйесі органдары мамандарының біліктілігін арттыру, сондай-ақ бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі қызмет болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) қоғам жарғысының бекітілуін;
2) қоғамның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С.Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 867 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж.,№ 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қ.» деген бөлімде:
реттік нөмірі 21-94-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-161-жолмен толықтырылсын:
«21-161. «Қаржы академиясы» АҚ».
2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірі 217-10-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 217-13-жолмен толықтырылсын:
«217-13. «Қаржы академиясы» АҚ».
3. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Қаржы жүйесі органдарының мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы» акционерлік қоғамы» деген 2-тармақ алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. «Қаржы академиясы» акционерлік қоғамы».