"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1778 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 27 маусымдағы № 862 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1778 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 7, 65-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспарында:
      реттік нөмірі 33-жол алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 41-1-жолмен толықтырылсын:
«

41-1

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҒМ

Мамыр

Тамыз

Қазан

М.Қ. Орынханов

                                                                 ».

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                           С.Ахметов