Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ережесі мен құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 553 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 23, 259-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
Анисимов - Қазақстан Республикасы Президентi
Алексей Николаевич Әкiмшiлiгiнің Ақпараттандыру және ақпараттық
ресурстарды қорғау бөлiмi меңгерушiсiнiң
орынбасары (келісім бойынша)
Досаев - Қазақстан Республикасының Экономика және
Ерболат Асқарбекұлы бюджеттік жоспарлау министрі
Өскенбаев - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму
Қайырбек Айтбайұлы бірінші вице-министрі
Алтынбаев - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас
Мүслім Мұхтарұлы штабы бастығының орынбасары
Баттақов - Қазақстан Республикасының Президенті Іс
Ерлан Еркінұлы басқарушысының орынбасары (келiсiм бойынша)
Арысов - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Науаи Бақабайұлы комитеті Мемлекеттік құпияларды қорғау
департаментінің бастығы (келiсiм бойынша)
Испанов - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
Ілияс Сапарбекұлы Қаржы, ақпараттандыру және ақпараттық
ресурстарды қорғау департаментінің директоры
(келiсiм бойынша);
мына:
«Есмамбетов - Қазақстан Республикасы Көлік және
Ерлан Қожабергенұлы коммуникация министрлігі «Телекоммуникация
саласындағы техникалық сүйемелдеу және
талдау орталығы» шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық мемлекеттік
кәсіпорнының директоры»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Есмамбетов - Қазақстан Республикасы Көлік және
Ерлан Қожабергенұлы коммуникация министрлігі «Мемлекеттік
техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық мемлекеттік
кәсіпорнының директоры»;
көрсетілген құрамнан: Рүстем Айдарбекұлы Биғари, Дина Мэлсқызы Шәженова, Сәкен Әділханұлы Жасұзақов, Ержанбек Ормаханұлы Нұрбеков шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов