Терроризм актісін жасауы салдарынан, сондай-ақ олар жасаған терроризм актісінің жолын кесу кезінде өлгендіктен, террористік іс-әрекетке қатысуына байланысты өздеріне қатысты кылмыстық қуғындау тоқтатылған адамдарды жерлеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 858 қаулысы.

Қолданыстағы

      "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Терроризм актісін жасауы салдарынан, сондай-ақ олар жасаған терроризм актісінің жолын кесу кезінде өлгендіктен, террористік іс-әрекетке қатысуына байланысты өздеріне қатысты қылмыстық қуғындау тоқтатылған адамдарды жерлеу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 26 тамыздағы
№ 858 қаулысымен
бекітілген

Терроризм актісін жасауы салдарынан, сондай-ақ олар жасаған терроризм актісінің жолын кесу кезінде өлгендіктен, террористік іс-әрекетке қатысуына байланысты өздеріне қатысты қылмыстық қуғындау тоқтатылған адамдарды жерлеу қағидалары

      1. Осы Терроризм актісін жасауы салдарынан, сондай-ақ олар жасаған терроризм актісінің жолын кесу кезінде өлгендіктен, террористік іс-әрекетке қатысуына байланысты өздеріне қатысты қылмыстық қуғындау тоқтатылған адамдарды жерлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) терроризм актісін жасауы салдарынан, сондай-ақ олар жасаған терроризм актісінің жолын кесу кезінде өлгендіктен, террористік іс-әрекетке қатысуына байланысты өздеріне қатысты қылмыстық қуғындау тоқтатылған адамдарды жерлеу тәртібін айқындайды.

      2. Терроризм актісін жасауы салдарынан, сондай-ақ олар жасаған терроризм актісінің жолын кесу кезінде өлгендіктен, террористік іс-әрекетке қатысуына байланысты өздеріне қатысты қылмыстық қуғындау тоқтатылған адамдардың мәйіттері жерлеуге берілмейді және олар жерленген орын туралы хабарланбайды.

      3. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген адамдарды жерлеуді қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі ұйымдастырады және туыстары жоқ адамдарды жерлеу үшін арнайы бөлінген орындарға (зираттарға) жерлеу рәсімі бойынша халыққа қызмет көрсетумен айналысатын ұйымдар (бұдан әрі - жерлеуді жүзеге асыратын ұйымдар) жүзеге асырады.

      Жерлеу бойынша қызмет көрсетушіні таңдау, сондай-ақ онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      4. Жерлеуді жүзеге асыру үшін қылмыстық қудалау органы осы

      Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген лауазымды адамдарға қажетті ілеспе құжаттарды, оның ішінде осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген адамдарға қатысты қылмыстық істі және қылмыстық қудалауды тоқтату туралы қаулының көшірмесін, сондай-ақ сот-медициналық сараптамасы органы берген қайтыс болу туралы дәрігерлік куәлікті жолдайды.

      5. Шетел азаматтарының және Қазақстан Республикасына басқа

      мемлекеттерден келген азаматтығы жоқ адамдардың қайтыс болғаны туралы алдын ала тергеу жүргізген орган Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі арқылы тиісті мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктеріне немесе консулдық мекемелеріне хабарлайды.

      6. Қайтыс болу туралы дәрігерлік куәліктің негізінде жерлеуді жүзеге асыратын ұйымның әкімшілігі тіркеу кітабында тиісті жазба жүргізеді және қабірге зиратқа тіркеу нөмірін береді.

      Тіркеу кітабына мынадай мәліметтер: жерлеу жылы, айы, күні, қабірдің нөмірі, туған және қайтыс болған күні, қайтыс болу туралы дәрігерлік куәліктің нөмірі, күні және кім бергені, жерлеуді жүзеге асыратын ұйымның атауы мен мекенжайы жазылады.

      Қайтыс болған адамның тегі, аты, әкесінің аты тіркеу кітабында көрсетілмейді.

      Жерлеуді жүзеге асыратын ұйым әкімшілігі осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген лауазымды адамдарға жерлеу күнін көрсетіп, кейіннен оны қылмыстық іске тігу үшін алдын ала тергеуді жүргізетін органға жіберу мақсатында жерлеу туралы куәлік береді.

      7. Қайтыс болғандарды жерлеу орындарына тасымалдау мен жеткізуді жабық табыттарда (қажет болған жағдайда мырышталып, дәнекерленген түрде) жерлеуді жүзеге асыратын ұйым жасайды.

      8. Қабірді қазуды, табытты оған түсіруді, қабірге топырақ салып жабуды жерлеуді жүзеге асыратын ұйым жүргізеді.

      9. Алдын ала тергеуді жүргізетін органның шешімі бойынша осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген адамдардың туысқандарына сот-медициналық сараптамасы органы берген қайтыс болу туралы дәрігерлік куәліктің және мәйіттің сот-медициналық сараптамасы қорытындысының көшірмелері беріледі, сондай-ақ адамның алуға және қылмыстық іске тігуге жатпайтын жеке заттары беріледі.

      10. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген адамдарды жерлеу іс-шараларын қаржыландыру жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және оның шегінде жүзеге асырылады.