"Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 ақпандағы № 202 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 830 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 ақпандағы № 202 қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 9, 101-құжат) мынадай
өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің құрамына:

      Қарабалин             - Қазақстан Республикасының Мұнай
      Ұзақбай Сүлейменұлы     және газ министрі енгізілсін;

      көрсетілген құрамнан Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            С.Ахметов