Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Конкурстан тыс рәсімдер арқылы 2013- 2015 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 сәуірдегі № 385 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Республикалық бюджеттен 2013 - 2015 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру:
1) «2013 - 2015 жылдарға арналған карантиндік зиянды организмдердің фитосанитариялық қауіп-қатерлерін талдау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» ғылыми-техникалық бағдарламасы бойынша;
2) «2013 - 2014 жылдарға арналған жаңғыртылған энергия көздерін қолдану арқылы Қазақстандағы мал шаруашылығын дамыту мен жайылымдарды тиімді пайдалануға ғылыми-эксперименталдық негіздеме» ғылыми-техникалық жобасы бойынша конкурстан тыс рәсімдер арқылы жүзеге асырылады деп белгіленсін.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С.Ахметов