"Республикалық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 маусымдағы № 700 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 тамыздағы № 821 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Республикалық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 маусымдағы № 700 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 43, 563-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидасында:
      6-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторға ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) бергенде тендер өткізбестен жүзеге асыруға болады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      С.Ахметов.