Ескерту. Күші жойылды – ҚР Yкiметiнiң 29.09.2016 № 546 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 275 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің құрамына:
Қазақстан тарапынан: | ||
Құсайынов | – | Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, хатшы енгізілсін; |
Кеңестің құрамынан Дәулет Еділұлы Ерғожин, Ерлан Қартайұлы Хаиров шығарылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес туралы ережеде:
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Кеңестің жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жүктеледі.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | С. Ахметов |