"Техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 002 "Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу" бюджеттік бағдарламасының 2013 жылға бөлінетін қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № 459 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 тамыздағы № 783 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 906 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2013 № 906 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 002 «Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» бюджеттік бағдарламасының 2013 жылға бөлінетін қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № 459 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 002 «Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» бюджеттік бағдарламасының 2013 жылға бөлінетін қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 5 тамыздағы
№ 783 қаулысына   
қосымша      

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 8 мамырдағы
№ 459 қаулысымен  
бекітілген     

Техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеуді немесе түзетуді
қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу,
концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу Қазақстан
Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің
002 «Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың
техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету,
сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды
консультациялық сүйемелдеу» бюджеттік бағдарламасының 2013
жылға бөлінетін қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік
инвестициялық және концессиялық жобалардың
тізбесі

Р/с

Жобаның атауы

Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыру көлемі
(мың теңге)

Концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыру көлемі
(мың теңге)

Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеуді қаржыландыру көлемі
(мың теңге)

1

2

3

4

5

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

1

Қарағанды қаласында «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» РМК жанында 300 төсектік көп бейінді клиникалық аурухана салу және пайдалану


41 700,00


2

Алматы қаласында «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» РМҚК жанында 300 төсектік көп бейінді аурухана салу және пайдалану


38 861,00


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

3

Астана қаласында студенттік қалашық салу

4 009,90



4

Алматы қаласында студенттік қалашық салу

7 482,55



5

Астана қаласында М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалы үшін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу корпусын салу

1 700,00



Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі

6

Атырау облысында «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағын құру

175 185,00



Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы

7

«Бурабай» кентінде демалыс саябағын (жабық аквапарк пен белсенді демалыс аймағы бар) салу

16 071,00



8

Бурабай көлі курортты аймағының инженерлік инфрақұрылымын салу

20 865,00



Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

9

Астана қаласының Оңтүстік Батыс айналма жолын салу

15 000,00



Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі

10

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының бірыңғай жүйесін құру

24 918,00



Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

11

Қазақстан Республикасының прокуратура органдары үшін ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін құру

6 800,00



Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі

12

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) функцияларын автоматтандыру

10 000,00



Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

13

Қарағанды облысында 1500 орынға арналған түзеу мекемесін салу және пайдалану


77 000,00


Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

14

Құпия





Жиыны:

292 502,45

157 561,00