Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 31 шілдедегі
№ 753 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 21 маусымдағы
№ 813 қаулысымен
бекітілген
Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет
кепілдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен
оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау
жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы
Жәмішев |
– |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төраға |
Теңгебаев |
– |
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, төрағаның орынбасары |
Шәріп |
– |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаменті бюджеттік кредит беру басқармасының басшысы, хатшы |
Рау |
– |
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі |
Толыбаев |
– |
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
Оразов |
– |
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі |
Сағиев |
– |
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары |
Кадюков |
– |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары |
Хайдаргалиева |
– |
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі Мұнай-химия және техникалық реттеу департаментінің директоры |
Есенов |
– |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры |
Жолдыбай |
– |
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаментінің директоры |
Жамаубаев |
– |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Үйлестіру департаментінің директоры |
Күшібаев |
– |
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) Сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және оның алдын алу департаменті 3-ші басқармасының бастығы |
Базгенова |
– |
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу департаменті 5-ші басқармасының бастығы |
Сұлтанғазиев |
– |
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары |
Күзембаева |
– |
«Оңалту және активтерді басқару компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрайымы |
Әйтенов |
– |
«Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары |