Жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының құрамын өзгерту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 шілдедегі № 737 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Республикалық меншіктен жалпы ұзақтығы 7,3 километр А-24 «Ақтөбе – Мәртөк – РФ шекарасы (Орынбор қаласына)» автомобиль жолының учаскесі Ақтөбе облысының коммуналдық меншігіне берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Ақтөбе облысының әкімімен бірлесіп, автомобиль жолының жоғарыда көрсетілген учаскесін қабылдау-тапсыру жөніндегі қажетті ұйымдастырушылық іс-шараларын жүзеге асырсын.
      3. «Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жіктеу ережесі мен шарттарын және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы № 1809 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 54, 596-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесінде:
      А-24 «Ақтөбе – Мәртөк – РФ шекарасы (Орынбор қаласына)» деген жолдағы «102» деген сандар «94,7» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Жиыны» деген жолдағы «23484,95» деген сандар «23477,65» деген сандармен ауыстырылсын.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов