Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 7, 79-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Бәсекелестiктi қорғау агенттiгi(Монополияға қарсы агенттiк) (бұдан әрi – Агенттiк) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кiрмейтiн, тиiстi тауар нарықтарында бәсекелестiктi қорғау және монополистік қызметтi шектеу саласындағы басшылықты тұтынушылардың құқықтарын қорғауды, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылауды және реттеуді, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестiрудi және өзге де арнайы атқарушылық, рұқсат ету және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.»;
16-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бәсекелестiктi қорғау және монополиялық қызметтi шектеу саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру;»;
26) тармақша алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 45-1), 45-2) және 45-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«45-1) мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға баға сараптамасын жүргізу;
45-2) мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыру;
45-3) мемлекеттік монополия субъектілерінің «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген шектеулерді сақтауын бақылауды жүзеге асыру;»;
17-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) монополияға қарсы орган мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және өз қызметтерін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, олармен аффилиирленген тұлғалар құру туралы өтінішхаттарды қарау барысында шешім қабылдау үшін қажетті қосымша ақпарат сұратуға құқылы;»;
2) «Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға баға белгiлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 ақпандағы № 159 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға баға белгiлеу қағидаларында:
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) уәкiлеттi орган – бәсекелестiктi қорғау және монополиялық қызметтi шектеу саласындағы басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов