Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға айырманы өтеу қағидасын бекіту туралы" 2011 жылғы 3 мамырдағы № 474 және "Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарды тиісті шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің персоналына теңестіру туралы" 2011 жылғы 17 мамырдағы № 530 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 шілдедегі № 683 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға айырманы өтеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 474 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 37, 446-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға айырманы өтеу қағидасында:
      5-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Ағымдағы қаржы жылында халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне айырманы өтеу халықаралық ұйымда жұмыс істеген күннен бастап саналады, халықаралық ұйымның ішкі актілер мен еңбек шарттарында нақтыланса.»;
      2) «Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарды тиісті шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің персоналына теңестіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 530 қаулысында:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

6.

Малдыбаев Қазыбек Малдыбайұлы –
Хатшылық департаментінің директоры

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі

                                                                   »;

      мына:

      «

Кеден одағы комиссиясының Хатшылығы
(Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы)

7.

Халимов Мэлсат Исаевич –
Департамент директорының орынбасары

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі

                                                                    »

      мынадай редакцияда жазылсын:

      «

Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ислам ұйымының Хатшылығы
(Рабат қаласы, Марокко Корольдігі)

7.

Ермекова Меруерт Азатқызы –
Директорат басқармасының меңгерушісі

Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі

                                                                   »;

      реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

9.

Аққошқаров Нұрлан Советұлы –
Бас хатшының орынбасары

Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі

                                                                   »;

      реттік нөмірлері 11 және 12-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      «

11.

Сырлыбаев Болат Қадырұлы –
Бірінші дәрежедегі сарапшы

Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің екінші хатшысы

12.

Бекішева Гүлмира Мәулиденқызы –
Референт

Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің атташесі

                                                                   »;

      реттік нөмірлері 13 және 15-жолдар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 19-1-жолмен толықтырылсын:

      «

19-1.

Жұманбеков Әлнұр Жеңісбекұлы –
Кәсіби персоналдың мүшесі

Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы

                                                                   »;

      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      «

Түркітілдес елдердің Парламенттік ассамблеясы
(Баку қаласы, Әзербайжан Республикасы)

25.

Асқаров Марат Ерболатұлы -
хатшы

Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы

                                                                   ».

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов