Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 579 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 48, 649-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидаларында:
6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама.
Ескертпе:* «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;»;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:
«______________________________________________________________
(заңды тұлғаның СТН, БСН, тіркеу туралы куәлігінің нөмірі мен күні)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«______________________________________________________________
(заңды тұлғаның БСН, мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу нөмірі мен күні)»;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:
5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«БСН»;
2) «Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 912 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 62, 854-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларында:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Өтінімге заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама қоса беріледі.
Осы Қағидаларда көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Ескертпе:* «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 2 шілдедегі
№ 671 қаулысына
қосымша
Газ желісі ұйымдарын
аккредиттеу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК
Берілді
_____________________________________________________________________
заңды тұлғаның атауы
_____________________________________________________________________
заңды тұлғаның мекенжайы, орналасқан жері
_____________________________________________________________________
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің*
көшірмесі немесе анықтама
БСН:
_____________________________________________________________________
газ толтыру станциясының атауы және орналасқан жері
_____________________________________________________________________
газ толтыру станцияны иеленуге негіз
Куәлікті берген орган:
Басшы (уәкілетті органның)
Куәліктің ресімделген күні __________________________________________
Куәліктің сериясы ___________________________________________________
Астана қаласы М.О.
Ескертпе:* «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен
өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан
Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды
тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта
тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін
жарамды болып табылады.