Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 137 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 29, 386-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру қағидаларында:
16-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган мұнай өнімдеріне бөлшек сауда бағаларына мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға ден қою шараларын қабылдау үшін мұнай өнiмдерiн бөлшек саудада өткiзу шектi бағасының асып кетуі фактілерін жібереді.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов