Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 668 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны оған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ақсай» республикалық балалар клиникалық ауруханасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 2 шілдедегі
№ 668 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 9-26-жол алынып тасталсын.
      2. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 529-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
      «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi» деген бөлімде:
      «Қазыналық кәсіпорындар» деген 2-кіші бөлімде:
      реттік нөмірі 8-жол алынып тасталсын.
      3. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 241-жол алынып тасталсын.
      4. «Клиникалық базалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 наурыздағы № 157 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 20-21, 160-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Клиникалық базалардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ақсай» республикалық клиникалық балалар ауруханасы» деген жол алынып тасталсын.