Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 935 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 30, 275-құжат) күші жойылды деп танылсын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 667 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 290-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
"1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 16-20-жолмен толықтырылсын:
"16-20. Жану проблемаларының институты".
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.06.2022 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.