Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1520 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
02 «Қорғаныс» деген функционалдық топта:
202 «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі» деген әкімші бойынша:
003 «Төтенше жағдайлардан қорғау объектілерін салу және реконструкциялау» деген бағдарламада:
оның ішінде инвестициялық жобаларға:
«2013 жыл» деген бағанда:
«Ақмола облысы» деген кіші бөлімдегі «6 525 710» деген сандар «6 267 723» деген сандармен ауыстырылсын;
«Ақмола облысы Көкшетау қаласы «Көктем» шағын ауданының солтүстігіне қарай (қалыпты геологиялық жағдайларымен IВ, IIIА климатты аудандары үшін II типті) 6 автокөлігіне өрт депосының кешенін салу» деген жолдағы «296 455» деген сандар «38 468» деген сандармен ауыстырылсын;
«Жамбыл облысы» деген кіші бөлімдегі «417 352» деген сандар «518 219» деген сандармен ауыстырылсын;
«Тараз қаласы Саңырақ батыр көшесінің бойында орналасқан 6 автомобильге арналған өрт сөндіру депосының кешенін салу» деген жолдағы «417 352» деген сандар «518 219» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қарағанды облысы» деген кіші бөлімдегі «281 408» деген сандар «388 445» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қарағанды облысының Приозерск қаласындағы су-құтқару станциясының құрылысы» деген жолдағы «263 002» деген сандар «370 039» деген сандармен ауыстырылсын;
«Алматы қаласы» деген кіші бөлімдегі «397 841» деген сандар «447 924» деген сандармен ауыстырылсын;
«Алматы қаласы Алатау ауданы, Ақбұлақ және Қарасу шағын ауданының батыс жағындағы бекітілген жер телімінде орналасқан өрт сөндіру депосы ғимаратының құрылысы. Ақбұлақ шағын ауданында 6 автокөлікті өрт сөндіру депосының кешенін салу» деген жолдағы «244 333» деген сандар «294 416» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов