«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 30) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 21 маусымдағы
№ 642 қаулысымен
бекітілген
Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр
және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап
алу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 30) тармақшасына сәйкес әзірленді және техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) жеткізуші – энергия объектісін және (немесе) оның құрылымдық бөлігін монтаждау, іске қосу және пайдалану тәртібі туралы ақпаратқа ие энергия объектісін және (немесе) оның құрылымдық бөлігін өндіруші немесе жеткізуші;
2) жобалаушы – техникалық жарақтандыру жобасын әзірлеген тұлға;
3) жасырын жұмыстарды куәландыру актісі – техникалық жарақтандыру бойынша барлық жұмыстар кешені аяқталғаннан кейін орындалғанын нақтылы тексеруге болмайтын жұмыстардың куәландырылғанын растайтын құжат;
4) қабылдау комиссиясы – энергия объектісінің әзірлігін белгілейтін және құжаттамалық растайтын және энергия объектісін пайдалануға қабылдайтын уақытша алқалы орган;
5) мердігер – тапсырыс берушімен жасалған мәміле негізінде техникалық жарақтандыру бойынша жұмыстарды жүзеге асыратын тұлға;
6) техникалық жарақтандыру – жұмыс істеп тұрған электр станцияларын, электр және жылу желілерін энергия объектілерімен жарақтандыру не жұмыс істеп тұрған электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін ауыстыру;
7) тапсырыс беруші – электр станцияларын, электр және жылу желілерін пайдаланатын тұлға;
8) энергетикалық объект (энергия объектісі) – электр энергиясын өндіретін, беретін және (немесе) тұтынатын объект.
3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын басқа ұғымдар «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған ұғымдарға сәйкес қолданылады.
4. Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес пайдалануға қабылданған энергия объектілеріне қолданылмайды.
2. Қабылдау комиссиясын қалыптастыру тәртібі, оның құрамы және
өкілеттіктері
5. Техникалық жарақтандырудан кейін энергия объектісін пайдалануға қабылдап алуды қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.
6. Бір қабылдау комиссиясына өзара техникалық байланысты және бір облыста, республикалық маңызы бар қалада немесе астанада орналасқан бірнеше энергия объектілерін қабылдауға жол беріледі.
7. Қабылдау комиссиясына міндетті түрде тапсырыс берушінің, мердігердің, жобалаушының, техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғаның (болған кезде), энергия объектісінің орналасқан жері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың жергілікті атқарушы органының, мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі мемлекеттік органның, өртке қарсы мемлекеттік қызметтің, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің өкілдері кіреді.
8. Қабылдау комиссиясының құрамына қосымша мыналар кіреді:
1) олардың міндеттемелері немесе қабылдау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі болған жағдайда жеткізушілердің өкілдері;
2) электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу кезінде жүйелік оператордың өкілі;
3) осы тармақтың 2) тармақшасында көзделмеген жағдайларда энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу кезінде өңірлік электр желісі компаниясының өкілі;
4) өзінің құзыретіне жататын энергия объектілері бойынша коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның өкілі;
5) қоршаған ортаны ластайтын энергия объектісін пайдалануға қабылдап алу кезінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның өкілі;
6) өзінің құзыретіне жататын энергия объектілері бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның өкілі.
9. Қабылдау комиссиясы мынадай тәртіппен құрылады:
1) тапсырыс беруші энергия объектісінің орналасқан жеріне байланысты облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың әкіміне техникалық жарақтандыру бойынша жұмыстар аяқталғанға дейін қабылдау комиссиясын құру туралы ұсынымды алдын ала жолдайды. Тапсырыс беруші қабылдау комиссиясын құру туралы ұсынымда қабылдау комиссиясының құрамына кіргізілуі тиіс тапсырыс берушінің, мердігердің, жеткізушілердің, жобалаушының, техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғаның өкілдерін көрсетеді;
2) әкім тапсырыс берушінің ұсынымын алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде қабылдау комиссиясының басқа мүшелерін айқындайды, қабылдау комиссиясын құру және оның дербес құрамы туралы шешім шығарады және шешімнің көшірмесін тапсырыс берушіге жібереді;
3) тапсырыс беруші үш жұмыс күні ішінде қабылдау комиссиясының барлық мүшелерін қабылдау комиссиясын құру туралы шешімнің көшірмесін қоса бере отырып, қабылдау комиссиясы жұмысының басталу күні мен уақыты туралы жазбаша хабардар етеді.
10. Тапсырыс беруші қабылдау комиссиясы жұмысының басталу күнін техникалық жарақтандыру бойынша жұмыстарды аяқтау және қабылдау комиссиясы мүшелерінің энергия объектісін пайдалануға қабылдап алу орнына жол жүру үшін қажет уақытты ескере отырып айқындайды.
11. Қабылдау комиссиясының жұмысына жалпы басшылықты оның төрағасы жүзеге асырады. Қабылдау комиссиясының төрағасы мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі мемлекеттік органның өкілі болып табылады.
12. Қабылдау комиссиясының хатшысы тапсырыс берушінің өкілі болып табылады.
13. Қабылдау комиссиясының құрамын қажеттілігіне қарай қабылдау комиссиясын құрған әкімнің шешімі негізінде өзгертуге жол беріледі.
14. Қабылдау комиссиясының өкілеттігіне мыналар кіреді:
1) энергия объектісін ол толық әзір болғанда пайдалануға қабылдап алу және энергия объектісін пайдалануға қабылдап алу туралы актіні осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ресімдеу;
2) тапсырыс берушіге жойылуы тиіс себептерін көрсете отырып, энергия объектілерінің жарамсыздығы туралы қорытындыны осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ұсыну.
15. Қабылдау комиссиясының өкілеттіктері комиссия тағайындалған энергия объектілеріне ғана қолданылады.
16. Нақты энергия объектісі бойынша қабылдау комиссиясының өкілеттігі оны әкім құрған күннен басталады және энергия объектісін пайдалануға қабылдап алу туралы немесе энергия объектісінің қабылдауға жарамсыздығы туралы актіге қабылдау комиссиясы қол қойған күннен бастап тоқтатылады.
17. Қабылдау комиссиясы мүшелерінің өкілеттігіне мыналар кіреді:
1) тапсырыс берушіден өз функцияларын атқару үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты алу;
2) энергия объектісін қабылдау сынақтарын өткізу кезінде қатысу;
3) энергия объектісін пайдалануға беруге әзірлігін тексеру және бағалау тәртібі бойынша ұсыныстарды қабылдау комиссиясының қарауына шығару;
4) қабылдау комиссиясының төрағасына бас тартудың себептері көрсетілген айрықша пікірді ұсыну арқылы энергия объектісін пайдалануға қабылдап алу туралы актіге қол қоюдан бас тарту.
18. Қабылдау комиссиясының функцияларына мыналар кіреді:
1) энергия объектісінің пайдалануға әзірлігін тексеру және тексеру нәтижелерін құжаттамалық белгілеу;
2) энергия объектісінің нақты және жобалық сипаттамаларының сәйкестігін анықтау;
3) анықталған бұзушылықтар болған жағдайда оларды жою жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу.
19. Қабылдау комиссиясының жұмысы барысында тапсырыс беруші:
1) қабылдау комиссиясының энергия объектісін қарау және тексеру, сондай-ақ энергия объектісін сынақтан өткізуді бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
2) сынақтың өткізілуін бақылайтын қабылдау комиссиясының мүшелерін қолданыстағы нормаларға сәйкес жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етеді;
3) энергия объектісін сынақтан өткізуді ұйымдастырады.
3. Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының,
электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға
қабылдап алу тәртібі
20. Тапсырыс беруші, мердігер және техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлға (болған кезде) энергия объектісін пайдалануға қабылдап алуға ұсынғанға дейін мыналарды:
1) энергия объектісінің жекелеген жүйелері мен тораптарын жеке және функционалды сынауды;
2) энергия объектісінің негізгі және қосалқы жабдықтарын байқау үшін іске қосуды жүргізеді, олар энергия объектісінің жекелеген жүйелері мен тораптарын жеке және функционалды сынауды аяқтау сатысы болып табылады.
21. Сынаққа қатысушылар энергия объектісінің жекелеген жүйелері мен тораптарына жүргізілген сынақтар нәтижелері бойынша жою қажет барлық анықталған ақаулар көрсетілген сынақтың нәтижелері туралы актіні жасайды.
22. Сынақтардың нәтижелері туралы актіде көрсетілген ақаулар жойылғаннан кейін, сынақтардың нәтижелері туралы жаңа актіні жасай отырып, сынақтар қайта өткізіледі.
23. Тапсырыс беруші техникалық жарақтандыру бойынша барлық жұмыстар аяқталып, сынақтар кезінде анықталған барлық ақаулар жойылғаннан кейін және жойылуы тиіс ақаулардың жоқ екені көрсетілген сынақтардың нәтижелері туралы акт болған кезде қабылдау комиссиясына энергия объектісін қабылдап алу үшін ұсынады.
24. Тапсырыс беруші қабылдау комиссиясының жұмысы басталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей қабылдау комиссиясының төрағасына энергия объектісін еркін нысанда жүктеме арқылы байқау бағдарламасын қарауға ұсынады. Қабылдау комиссиясының төрағасы ұсынылған энергия объектісін жүктеме арқылы байқау бағдарламасын қарайды, қажет болғанда оған өзгерістер енгізеді және оны бес жұмыс күні ішінде бекітеді.
Энергия объектісін жүктеме арқылы байқау бағдарламасында қажетті техникалық және ұйымдық іс-шаралардың тізбесі мен оларды өткізудің күнтізбелік кестесі қамтылуы тиіс.
25. Тапсырыс беруші қабылдау комиссиясының жұмысы басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей қабылдау комиссиясының барлық мүшелеріне техникалық жарақтандыру бойынша жұмыстар сипатына байланысты жасалуы талап етілмейтін құжаттарды қоспағанда, мына құжаттардың көшірмесін ұсынады:
1) техникалық жарақтандыру бойынша жұмыстың жобасы;
2) техникалық жарақтандыру бойынша жұмысты жүзеге асырған мердігерлер лицензиялары;
3) техникалық регламенттерде қойылған талаптарға сәйкестігін растауға жататын энергия объектілеріне және (немесе) оның бөліктеріне сәйкестігін растау саласындағы құжаттар;
4) жұмыстарды өндіру және авторлық қадағалау журналдары;
5) жасырын жұмыстарды куәландыру актілері;
6) жауапты конструкцияларды аралық қабылдап алу актілері;
7) жобада көзделмеген қосымша жұмыстар тізбесі;
8) энергия объектісін сынаудың нәтижелері туралы актілер;
9) энергия объектісін пайдалануға берудің жарамсыздығы туралы қорытынды (қайта қабылдап алынған жағдайда).
26. Энергия объектісін пайдалануға қабылдау рәсімінің ұзақтығын энергия объектісінің күрделілігіне және функционалдық мақсатына, оның технологиялық және пайдалану сипаттамалары мен параметрлеріне қарай қабылдау комиссиясының төрағасы белгілейді. Осындай ұзақтық он жұмыс күнінен аспауы тиіс.
27. Қабылдау комиссиясы энергия объектісін жүктеме арқылы кешенді байқауды тапсырыс беруші әзірлеген және қабылдау комиссиясының төрағасы бекіткен бағдарлама бойынша жүзеге асырады.
28. Кешенді байқау кезінде негізгі агрегаттар мен олардың қосалқы жабдықтарының жүктемедегі бірлескен жұмысын тексеру және жабдықтар, құрылғылар мен құрылыстардың ықтимал ақауларын анықтау жүргізіледі.
Кешенді байқаудың басталуы энергия объектісін жүктеме арқылы қосу сәті болып есептеледі.
29. Кешенді байқау кезінде жобада көзделген бақылау-өлшеу аспаптары, бұғаттау, дабыл жүйесі және қашықтықтан басқару, қорғау, сондай-ақ режимдік баптауды талап етпейтін автоматты реттеу құрылғылары қосылуы тиіс.
30. Кешенді байқаудың нәтижелері электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін сынау кезінде ақаулар табылмаса және энергия объектілері номиналды жүктемемен және жобалық параметрлермен жетпіс екі сағат ішінде үзіліссіз жұмыс істесе, қанағаттанарлық деп танылады.
Газтурбиналық қондырғылар үшін осыған қосымша 10 автоматты іске қосу жүргізіледі.
31. Қабылдау комиссиясы мына шарттардың барлығы орындалған кезде энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу туралы актіні ресімдейді және оған қол қояды:
1) энергия объектісі қызмет көрсетуші персоналдың жұмыс жағдайын және объектінің ықпал ету аймағындағы экологиялық ахуалды нашарлатпайды;
2) техникалық регламенттерде қойылатын талаптарға сәйкестігін растауға жататын энергия объектілеріне және (немесе) олардың бөліктеріне сәйкестікті растайтын салада тиісті құжаттары бар;
3) энергия объектісін кешенді байқаудың нәтижелері қанағаттанарлық және энергия объектісі өзінің техникалық көрсеткіштері бойынша пайдалануға жарамды деп танылды;
4) техникалық жарақтандыру бойынша барлық жұмыстар жобаға және оған жобалаушының келісімімен енгізілген өзгерістерге сәйкес орындалды;
5) энергия объектісі оған қойылатын Қазақстан Республикасы заңнамасының барлық талаптарына сәйкес келеді.
32. Энергия объектісін кешенді байқау аяқталғаннан кейін қабылдау комиссиясының әрбір мүшесі бір жұмыс күні ішінде қабылдау комиссиясының төрағасына энергия объектісін пайдалануға қабылдап алу мәселесі жөніндегі өз ұсынымын осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ұсынады. Қабылдау комиссиясының төрағасы дәл сол мерзімде энергия объектісін пайдалануға қабылдап алу мәселесі жөнінде жазбаша ұсыным жасайды.
33. Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген жағдайда, энергия объектісін пайдалануға қабылдап алу мәселесі жөніндегі ұсыным әрбір энергия объектісі бойынша жеке жасалады.
34. Қабылдау комиссиясы мүшесінің немесе төрағасының энергия объектісін пайдалануға жарамсыз деп тану туралы ұсынымы энергия объектісін пайдалануға қабылдап алуға кедергі болатын себептердің толық сипаттамасын, анықталған ақаулардың энергия объектілерін пайдалану қолжетімділігіне тигізер әсерін және оларды жою туралы ұсыныстарды қамтуы тиіс.
35. Қабылдау комиссиясының қандай да бір мүшесінің немесе төрағасының энергия объектісін пайдалануға қабылдап алу мәселесі жөнінде жазбаша ұсынымы болмаған жағдайда, ол энергия объектісін пайдалануға қабылдап алуды ұсынады деп есептеледі.
36. Қабылдау комиссиясының отырысында энергия объектісін пайдалануға қабылдап алу туралы мәселені қарау кезінде қабылдау комиссиясының төрағасы қатысып отырған қабылдау комиссиясы мүшелеріне бар ұсынымдардың барлығын назарына жеткізеді.
37. Қабылдау комиссиясының мүшелері барлық келіп түскен энергия объектісін пайдалануға жарамсыз деп тану туралы ұсынымдарды міндетті түрде талқылайды.
38. Қабылдау комиссиясы энергия объектісін пайдалануға қабылдап алу мәселесі жөніндегі шешімді энергия объектісін кешенді байқау аяқталғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей қабылдайды.
39. Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген жағдайда, энергия объектісін пайдалануға қабылдап алу мәселесі жөніндегі шешім әрбір энергия объектісі бойынша жеке қабылданады.
40. Қабылдау комиссиясының шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Дауыс беру кезінде қалыс қалуға жол берілмейді.
41. Энергия объектісін пайдалануға қабылдап алу туралы немесе энергия объектісін пайдалануға жарамсыз деп тану туралы қорытындыны беру туралы шешім, қабылдау комиссиясы мүшелерінің кемінде үштен екісі оған дауыс бергенде қабылданды деп есептеледі.
Қабылдау комиссиясының өзге шешімдері дауыс беруге қатысып отырған қабылдау комиссиясы мүшелерінің жай көпшілік даусымен қабылданады.
42. Қабылдау комиссиясы дауыс беруге қабылдау комиссиясының төрағасын қоса алғанда, қабылдау комиссиясы мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысқан кезде шешім қабылдауға құқылы.
Шешім қабылдау кезінде қабылдау комиссиясы төрағасының қатысуы міндетті болып табылады.
43. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес энергия объектісін пайдалануды тоқтата тұру үшін негіз болып табылатын энергия объектісін қабылдап алуға кедергі жасайтын себептер болған жағдайда, энергия объектісін пайдалануға қабылдап алу мәселесі бойынша дауыс беру өткізілмейді және қабылдау комиссиясы энергия объектісінің пайдалануға жарамсыздығы туралы қорытындыны беру туралы шешім қабылдайды.
44. Өрт қауіпсіздігінің нормалары мен ережелерін бұзушылықтар болған жағдайда энергия объектісін пайдалануға қабылдап алу мәселесі бойынша дауыс беру өткізілмейді және қабылдау комиссиясы энергия объектісінің пайдалануға жарамсыздығы жөнінде қорытынды беру туралы шешім қабылдайды.
45. Энергия объектісінің пайдалануға жарамсыздығы туралы қорытындыны беру туралы шешімді қабылдаған жағдайда, қабылдау комиссиясы қабылдау комиссиясы мүшесінің немесе төрағасының ұсынымында көрсетілген, энергия объектісін пайдалануға қабылдап алуға кедергі жасайтын әрбір себеп бойынша оны энергия объектісінің жарамсыздығы туралы қорытындыға қосу немесе қоспау туралы шешімді дауыс беру жолымен қабылдайды.
46. Қабылдау комиссиясының барлық шешімдері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес қабылдау комиссиясы отырысының хаттамасымен ресімделеді. Қабылдау комиссиясы отырысының хаттамасына қабылдау комиссиясының төрағасы және хатшысы қол қояды.
47. Энергия объектісін пайдалануға қабылдап алу туралы актіге немесе энергия объектісінің пайдалануға жарамсыздығы туралы қорытындыға қабылдау комиссиясының төрағасы және хатшысы тиісті шешім қабылданған күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде әрбір жеке энергия объектісі бойынша қол қояды.
48. Қабылдау комиссиясының төрағасы қабылдау комиссиясы мүшелерінің энергия объектісін пайдалануға қабылдап алу мәселесі жөніндегі ұсынымдарын және қабылдау комиссиясы отырыстарының хаттамаларын қоса алғанда, қабылдау комиссиясының барлық жұмыс материалдарын қабылдау комиссиясын тағайындаған жергілікті атқарушы органға береді.
49. Энергия объектісінің пайдалануға жарамсыздығы туралы қорытынды энергия объектісін пайдалануға қабылдауға кедергі болатын және жоюға жататын себептердің толық тізбесін қамтуы тиіс.
50. Энергия объектісін пайдалануға қабылдап алу туралы акт энергия объектісін пайдалануға рұқсат беретін бастапқы айрықша құжат болып табылады.
Техникалық жарақтандырудан кейін электр
станцияларының, электр және жылу желілерінің
энергия объектілерін пайдалануға
қабылдап алу қағидаларына
1-қосымша
Энергия объектісін пайдалануға қабылдап алу туралы акт
______________ 20__ ж. «___» __________
(елді мекен)
Осы акт арқылы мынадай энергия объектісі пайдалануға
қабылданады:
_____________________________________________________________________
(энергия объектісінің атауын, оның орналасқан жерін, сәйкестендіру
_____________________________________________________________________
сипаттамаларын (сериялық нөмірі, артикул және т.б.) және энергия
_____________________________________________________________________
объектісін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін негізгі техникалық
____________________________________________________________________.
сипаттамаларын көрсету)
Мына құрамдағы қабылдау комиссиясы энергия объектісін
пайдалануға қабылдап алды:
1) Төраға – ___________________________________________________
(қабылдау комиссиясы төрағасының Т.А.Ә., жұмыс
__________________________________________________;
орнын және лауазымын көрсету)
2) Хатшы – ____________________________________________________
(қабылдау комиссиясы хатшысының Т.А.Ә., жұмыс
___________________________________________________;
орнын және лауазымын көрсету)
3) ____________________________________________________
(қабылдау комиссиясының мүшелері, қабылдау
комиссиясының
___________________________________________________.
тиісті мүшесінің Т.А.Ә., жұмыс орны және лауазымы)
Қабылдау комиссиясы ___________________________________________
(қабылдау комиссиясын құру туралы бұйрықты
_____________________________________________________________________
шығарған органды, бұйрықтың күнін және нөмірін көрсету, қажет
болғанда
_____________________________________________________________________
қабылдау комиссиясының құрамын өзгерту жөніндегі бұйрықтар туралы
__________________________________________ бұйрығы негізінде құрылды.
мәліметтермен толықтыру)
Қабылдау комиссиясының энергия объектісін пайдалануға қабылдап
алу туралы шешімі ___________________________________________________
(отырыс өткізілетін орынды көрсету)
20__ жылғы «___» _______ өткізілген қабылдау комиссиясының отырысында
қабылданды.
Энергия объектісін пайдалануға қабылдап алу туралы мәселені
қарау кезінде энергия объектісін қабылдап алу туралы ________________
_____________________________________________________________ жазбаша
(санын көрсету)
ұсынымдар және энергия объектісін пайдалануға жарамсыз деп тану
туралы _______________________________ жазбаша ұсынымдар келіп түсті.
(санын көрсету)
Қабылдау комиссиясының энергия объектісін пайдалануға қабылдап
алу туралы шешімі мынадай дауыс беру қорытындысымен ашық дауыс беру
арқылы қабылданды: «энергия объектісін пайдалануға қабылдау» -
дауыстар __________________, «энергия объектісін пайдалануға жарамсыз
(санын көрсету)
деп тану» - дауыстар _________________. Энергия объектісі пайдалануға
(санын көрсету)
қабылдансын деп шешілді.
Төраға ________________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
Хатшы _________________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
Техникалық жарақтандырудан кейін электр
станцияларының, электр және жылу желілерінің
энергия объектілерін пайдалануға
қабылдап алу қағидаларына
2-қосымша
Энергия объектісінің пайдалануға жарамсыздығы туралы
қорытынды
______________ 20__ ж. «___» _____________
(елді мекен)
Осы қорытынды арқылы мынадай энергия объектісінің пайдалануға
жарамсыздығы белгіленеді: ___________________________________________
(энергия объектісінің атауын, оның орналасқан
_____________________________________________________________________
жерін, сәйкестендіру сипаттамаларын (сериялық нөмірі, артикул
және т.б.)
_____________________________________________________________________
және энергия объектісін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін негізгі
____________________________________________________________________.
техникалық сипаттамаларын көрсету)
Қабылдау комиссиясы энергия объектісін пайдалануға қабылдап алу
барысында энергия объектісін пайдалануға қабылдап алуға кедергі
болатын және жоюға жататын мынадай себептер анықталды:
_____________________________________________________________________
(энергия объектісін пайдалануға қабылдауға кедергі болатын
себептердің
_____________________________________________________________________
толық тізбесін көрсету; әрбір себептер бойынша оларды жою жөніндегі
____________________________________________________________________.
ұсынымдарды көрсету)
Мына құрамдағы қабылдау комиссиясы энергия объектісін
пайдалануға жарамсыз деп таныды:
1) Төраға – ___________________________________________________
(қабылдау комиссиясы төрағасының Т.А.Ә., жұмыс
__________________________________________________;
орнын және лауазымын көрсету)
2) Хатшы – ___________________________________________________
(қабылдау комиссиясы хатшысының Т.А.Ә., жұмыс
__________________________________________________;
орнын және лауазымын көрсету)
3) ___________________________________________________
(қабылдау комиссиясының мүшелері, қабылдау
комиссиясының
__________________________________________________.
тиісті мүшесінің Т.А.Ә., жұмыс орны және лауазымы)
Қабылдау комиссиясы ___________________________________________
(қабылдау комиссиясын құру туралы бұйрықты
_____________________________________________________________________
шығарған органды, бұйрықтың күнін және нөмірін көрсету, қажет
болғанда
_____________________________________________________________________
қабылдау комиссиясының құрамын өзгерту жөніндегі бұйрықтар туралы
__________________________________________ бұйрығы негізінде құрылды.
мәліметтермен толықтыру)
Қабылдау комиссиясының энергия объектісін пайдалануға жарамсыз
деп тану туралы шешімі ______________________________________________
(отырыс өткізілетін орынды көрсету)
20__ жылғы «___» __________________ өткізілген қабылдау комиссиясының
отырысында қабылданды.
Энергия объектісін пайдалануға қабылдап алу туралы мәселені
қарау кезінде энергия объектісін қабылдап алу туралы ________________
(санын көрсету)
жазбаша ұсынымдар және энергия объектісін пайдалануға жарамсыз деп
тану туралы __________________________ жазбаша ұсынымдар келіп түсті.
(санын көрсету)
Қабылдау комиссиясының энергия объектісін пайдалануға жарамсыз
деп тану туралы шешімі мынадай дауыс беру қорытындысымен ашық дауыс
беру арқылы қабылданды: «энергия объектісін пайдалануға қабылдау» -
дауыстар __________________, «энергия объектісін пайдалануға жарамсыз
(санын көрсету)
деп тану» - дауыстар ________________. Энергия объектісін пайдалануға
(санын көрсету)
жарамсыз деп тану туралы шешім қабылданды.
Төраға ________________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
Хатшы _________________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
Техникалық жарақтандырудан кейін электр
станцияларының, электр және жылу желілерінің
энергия объектілерін пайдалануға
қабылдап алу қағидаларына
3-қосымша
Энергия объектісін пайдалануға қабылдау мәселесі жөніндегі
ұсыным
______________ 20__ ж. «___» _______________
елді мекен
Мен, _________________________________________________________,
(Т.А.Ә., жұмыс орнын және лауазымын көрсету)
_____________________________________________________________________
(қабылдау комиссиясын құру туралы бұйрықты шығарған органды,
_____________________________________________________________________
бұйрықтың күнін және нөмірін көрсету, қажет болғанда қабылдау
_____________________________________________________________________
комиссиясының құрамын өзгерту жөніндегі бұйрықтар туралы
_________________________________ бұйрығы негізінде құрылған қабылдау
мәліметтермен толықтыру)
комиссиясының мүшесі бола тұра, өз кәсіби білімім мен лауазымдық
міндеттерімді басшылыққа ала отырып, өзімнің құзыретім шегінде
мынадай энергия объектісін: _________________________________________
(энергия объектісінің атауын, оның орналасқан жерін,
_____________________________________________________________________
сәйкестендіру сипаттамаларын (сериялық нөмірі, артикул және т.б.)
және
_____________________________________________________________________
энергия объектісін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін негізгі
техникалық
_________________________ _________________________________
сипаттамаларын көрсету) («пайдалануға қабылдансын» немесе
_______________________________________________________ деп ұсынамын.
«пайдалануға жарамсыз деп танылсын» көрсету)
Менің ұсынымым мынадай себептерге негізделеді:
_____________________________________________________________________
(ұсынымдар себептерін толықтай сипаттау; энергия объектісін
пайдалануға
_____________________________________________________________________
қабылдауға кедергі болатын әрбір себеп бойынша оларды жою жөніндегі
____________________________________________________________________.
ұсынымдарды көрсету)
_________________
(қолы, Т.А.Ә.)
Техникалық жарақтандырудан кейін электр
станцияларының, электр және жылу желілерінің
энергия объектілерін пайдалануға
қабылдап алу қағидаларына
4-қосымша
Қабылдау комиссиясы отырысының
хаттамасы
______________ 20__ ж. «___» _______________
елді мекен
Қабылдау комиссиясы ___________________________________________
(қабылдау комиссиясын құру туралы бұйрықты
_____________________________________________________________________
шығарған органды, бұйрықтың күнін және нөмірін көрсету, қажет
болғанда
_____________________________________________________________________
қабылдау комиссиясының құрамын өзгерту жөніндегі бұйрықтар туралы
__________________________________________ бұйрығы негізінде құрылды.
мәліметтермен толықтыру)
Қабылдау комиссиясының отырысы ________________________________
(отырыс өткізілетін орынды көрсету)
20__ жылғы «___» ___________ өткізілді.
Қабылдау комиссиясының отырысына мыналар қатысты:
1) Төраға – ___________________________________________________
(қабылдау комиссиясы төрағасының Т.А.Ә., жұмыс
__________________________________________________;
орнын және лауазымын көрсету)
2) Хатшы – ____________________________________________________
(қабылдау комиссиясы хатшысының Т.А.Ә., жұмыс
___________________________________________________;
орнын және лауазымын көрсету)
3) ____________________________________________________
(қабылдау комиссиясының мүшелері, қабылдау
комиссиясының
___________________________________________________.
тиісті мүшесінің Т.А.Ә., жұмыс орны және лауазымы)
Отырысқа ______________________________________________________
(қабылдау комиссиясының тиісті мүшесінің Т.А.Ә., жұмыс
орнын және
_____________________________________________________________________
лауазымын көрсете отырып, отырысқа қатыспаған қабылдау комиссиясы
__________________________________________________________ қатыспады.
мүшелерін атап көрсету)
Қабылдау комиссиясының отырысында мынадай мәселелер қаралды:
____________________________________________________________________.
(қабылдау комиссиясы отырысының күн тәртібіндегі мәселелерді көрсету)
Мынадай шешім қабылданды: _____________________________________
(күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша
_____________________________________________________________________
қабылданған шешімді, сондай-ақ тиісті шешімге берілген дауыстар санын
____________________________________________________________________.
көрсету)
Төраға ________________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
Хатшы _________________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә.)