«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған бір өтініш негізінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 19 маусымдағы
№ 624 қаулысымен
бекітілген
Бір өтініш негізінде электрондық нысанда көрсетілетін
мемлекеттік қызметтердің тізбесі
Р/с |
Бір өтініш негізінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді іріктеу өлшемдері |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы |
Орталық мемлекеттік орган |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу |
Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу |
ІІМ |
Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару |
ІІМ |
||
Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру |
ІІМ |
||
2. |
Қазақстан Республикасының тұрғындарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу |
Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою |
Еңбекмині |
Жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру |
Еңбекмині |
||
3. |
Дара кәсіпкерді, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тіркеу және патент беру |
Дара кәсіпкерді, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тіркеу есебі |
Қаржымині |
Дара кәсіпкерлерге патент беру** |
Қаржымині |
||
4. |
Бала туу |
Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу |
Әділетмині |
Бала тууға және бала күтімі бойынша жәрдемақылар тағайындау |
Еңбекмині |
||
Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою |
БҒМ |
Ескертпе:
** мемлекеттік қызмет патент құны есебін ұсыну кезінде көрсетіледі (өтінішсіз)
аббревиатуралардың толық жазылуы:
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ІІМ — Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі