Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 612 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 18 маусымдағы
№ 612 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. «Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 49 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 1, 17-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережесінде:
      12-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімінде кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу осы Ереженің 14-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде жүзеге асырылады.»;
      24-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «24. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру және кемені бербоут-чартер тізілімінде тіркеу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдау үшін кеме иесі Министрлікке мынадай құжаттарды береді:»;
      25-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қазақстан флотының құрамында болмайтын мамандандырылған кемелерді, сондай-ақ реновация, жаңғырту және қайта жабдықтау рәсімінен өткен кемелерді қоспағанда, кеменің шығарылған уақыты 20 жылдан жоғары болған кезде бас тартылады.»;
      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «28. Кемені бербоут-чартер тізілімінде тіркеу мерзімін ұзарту мынадай құжаттар қоса беріле отырып, оңайлатылған тәртіппен жүзеге асырылады:
      1) кеме иесінен еркін нысандағы өтініш;
      2) теңіз кемесін мемлекеттік тіркегені үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат.»;
      29-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Салынып жатқан кемеге құқықтарды мемлекеттік тіркеу осы Ереженің 30-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде жүзеге асырылады.».
      2. «Қазақстан Республикасының теңіз көлігінде экспедиторлық қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 қазандағы № 1033 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 41, 431-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының теңіз көлігінде экспедиторлық қызметті жүзеге асыру ережесінде:
      20-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) ұйым жарғысының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың нотариалды расталған көшірмелері.».
      3. «Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің каботажды және сауда мақсатында теңізде жүзумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруына рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 қарашадағы № 1113 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 40, 562-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің каботажды және сауда мақсатында теңізде жүзумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруына рұқсаттар беру қағидаларында:
      8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) құрылтай құжаты және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (заңды тұлға үшін), мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (дара кәсіпкер үшін), жеке басын куәландыратын құжат (жеке тұлға үшін - паспорт немесе жеке куәлік);»;
      14-тармақтың 9) тармақшасы алынып тасталсын.
      4. «Теңіз көлігі саласында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 шілдедегі № 1008 қаулысында:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Теңіз кемелерін бербоут-чартер тізілімінде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартында:
      11-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «заңды тұлғалар үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;»;
      16-тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қазақстан флотының құрамында болмайтын мамандандырылған кемелерді, сондай-ақ реновация, жаңғырту және қайта жабдықтау рәсімінен еткен кемелерді қоспағанда, кеменің шығарылған уақыты 20 жылдан жоғары кезде.»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Салынып жатқан кемеге меншік құқықтарын салынып жатқан кемелер тізілімінде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартында:
      7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш (уәкілетті органға өтініш берілген сәттен бастап) - күнтізбелік 10 күн;»;
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген «Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің каботажды жүзеге асыруына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
       11-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) құрылтай құжаты және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (заңды тұлға үшін), мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (дара кәсіпкер үшін), жеке басын куәландыратын құжат (жеке тұлға үшін - паспорт немесе жеке куәлік);»;
      16-тармақтың 9) тармақшасы алынып тасталсын.