Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 маусымдағы № 607 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 17 маусымдағы
№ 607 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне енгізілетін
өзгерістер

      1. «Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 ақпандағы № 202 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 9, 101-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:

Сағынтаев
Бақытжан Әбдірұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі

Қуандықов
Болатбек Баянұлы

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы;

      мына:

«Әбілқасымова
Мәдина Ерасылқызы

Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі, хатшы

Досаев
Ерболат Асқарбекұлы

Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі»

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«Әбілқасымова
Мәдина Ерасылқызы

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, хатшы

Досаев
Ерболат Асқарбекұлы

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі»;

      көрсетілген құрамнан Қырымбек Елеуұлы Көшербаев, Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов шығарылсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Экономикалық саясат жөнiндегi кеңес туралы ережеде:
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. ЭСК-тiң жұмыс органы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі болып табылады.».
      2. «Республикалық меншiкке жататын объектiлерге қатысты концессиялар жөнiнде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 836 қаулысында:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық меншiкке жататын объектiлерге қатысты концессиялар жөнiндегi комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Сағынтаев
Бақытжан Әбдірұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі, төрағаның орынбасары

Исекешев
Әсет Өрентайұлы

Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі;

      мына:

«Құсайынов
Марат Әпсеметұлы

Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрi, хатшы

Досаев
Ерболат Асқарбекұлы

Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі

Жұмабаев
Ермек Жианшаұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)»

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«Құсайынов
Марат Әпсеметұлы

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi, хатшы

Досаев
Ерболат Асқарбекұлы

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, төрағаның орынбасары

Жұмабаев
Ермек Жианшаұлы

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі (келісім бойынша)»;

      көрсетілген құрамнан Қырымбек Елеуұлы Көшербаев, Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев шығарылсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық меншiкке жататын объектiлерге қатысты концессиялар жөнiндегi комиссия туралы ережеде:
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Комиссияның құрамына алмастыру құқығынсыз Көлік және коммуникация, Индустрия және жаңа технологиялар, Өңірлік даму, Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Әділет министрліктерінің және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бірінші басшылары, Парламент депутаттары және республикалық меншікке иелік ету жөніндегі уәкілетті органның басшысы кіреді.»;
      10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің қызметкері Комиссияның хатшысы болып табылады.».
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 № 970 қаулысымен.
      4. «Салық салу мәселелері жөнінде консультациялық кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1314 қаулысында:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңес туралы ережеде:
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі болып табылады.»;
      2) көрсетілген қаулыға қосымшада:
      Салық салу мәселелерi жөнiндегі консультациялық кеңестің құрамында:
      мына:

«Құсайынов
Марат Әпсеметұлы

Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрi, хатшы

Досаев
Ерболат Асқарбекұлы

Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі»

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«Құсайынов
Марат Әпсеметұлы

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi, хатшы

Досаев
Ерболат Асқарбекұлы

-

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі».

      5. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын зерттеулердің және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің тақырыбын қарау мәселелері жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 маусымдағы № 936 қаулысында:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын зерттеулердің және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің тақырыбын қарау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Ахметжанов
Саян Қылышұлы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Әбдімомынов
Азамат Құрманбекұлы

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі (келісім бойынша)

Төкежанов
Болат Тұрғанұлы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

Қабыкенов
Арыстан Кенжетайұлы

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің жауапты хатшысы

Құрманғалиева
Аида Дәденқызы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы

Қырықбаев
Арман Оразбайұлы

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі

Өмірияев
Мүслім Тайырұлы

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

Орынханов
Мұрат Қадесұлы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

Қанағатов
Елсияр Баймұхамедұлы

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары;

      мына:

«Әбілқасымова
Мәдина Ерасылқызы

Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі, төрағаның орынбасары

Өмірзақова
Сәуле Қабыкенқызы

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаментінің директоры, хатшы

Жасұзақов
Сәкен Әділханұлы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы»

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«Әбілқасымова
Мәдина Ерасылқызы

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, төрағаның орынбасары

Өмірзақова
Сәуле Қабыкенқызы

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаментінің директоры, хатшы

Жасұзақов
Сәкен Әділханұлы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштері Бас штабының бастығы»;

      көрсетілген құрамнан Серік Әбжалиұлы Ахметов, Марат Әбілахатұлы Оразаев, Ғазиз Тұрысбекұлы Телебаев, Әлішер Хабиболлаұлы Пірметов, Әли Амантайұлы Көмекбаев, Саят Болатұлы Шаяхметов шығарылсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын зерттеулердің және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің тақырыбын қарау мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.».
      6. «Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шартты рентабельдiлiгi төмен санатқа, сондай-ақ кен орнын (кен орындары топтарын, кен орнының бiр бөлiгiн) тұтқырлығы жоғары, су алған, шығымы аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу бойынша ұсынымдарды әзiрлеу жөнiнде ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1724 қаулысында:
      1) көрсетiлген қаулымен бекітілген Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартты рентабельділігі төмен санатқа, сондай-ақ кен орнын (кен орындары топтарын, кен орнының бір бөлігін) тұтқырлығы жоғары, су алған, шығымы аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу бойынша ұсынымдарды әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Досаев
Ерболат Асқарбекұлы

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, төрағаның орынбасары

Тәкиев
Мәди Төкешұлы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Салық және кеден саясаты департаментінің
директоры, хатшы

Құсайынов
Марат Әпсеметұлы

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Егемберді
Ерғали Қуандықұлы

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;

      көрсетілген құрамнан Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев, Вагиз Раилович Хисматулин, Біржан Бидайбекұлы Нұрымбетов, Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова шығарылсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шартты рентабельдiлiгi төмен санатқа, сондай-ақ кен орнын (кен орындары топтарын, кен орнының бiр бөлiгiн) тұтқырлығы жоғары, су алған, шығымы аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу бойынша ұсынымдарды әзiрлеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
      6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Комиссияның жұмыс органының функцияларын Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады.».
      7. «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 маусымдағы № 665 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 538-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларын реттеу мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамына:

Қуандықов
Болатбек Баянұлы

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы енгізілсін;

      мына:

«Досаев
Ерболат Асқарбекұлы

Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі, төрағаның орынбасары

Жақсылықов
Тимур Мекешұлы

Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі, хатшы»

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«Досаев
Ерболат Асқарбекұлы

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, төрағаның орынбасары

Жақсылықов
Тимур Мекешұлы

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, хатшы»;

      көрсетілген құрамнан Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов шығарылсын.
      8. «Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 қыркүйектегі № 1004 қаулысында:
      1) көрсетілген қаулыға қосымшада:
      Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейтін комиссияның құрамында:
      мына:

«Досаев
Ерболат Асқарбекұлы

Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі, төрағаның орынбасары

Әбілқасымова
Мәдина Ерасылқызы

Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі, хатшы

Дүйсенова
Тамара Босымбекқызы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы»

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«Досаев
Ерболат Асқарбекұлы

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, төрағаның орынбасары

Әбілқасымова
Мәдина Ерасылқызы

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, хатшы

Дүйсенова
Тамара Босымбекқызы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі»;

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлейтін комиссия туралы ережеде:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Комиссияның жұмысын ұйымдық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Комиссияның жұмыс органы болып табылады.».
      9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жөніндегі үйлестiру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1633 қаулысында:
      1) көрсетілген қаулыға қосымшада:
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жөніндегі үйлестiру кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:

Сағынтаев
Бақытжан Әбдірұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі

Ақышев
Данияр Талғатұлы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);

      мына:

«Құсайынов
Марат Әпсеметұлы

Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрi, хатшы

Досаев
Ерболат Асқарбекұлы

Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі»

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«Құсайынов
Марат Әпсеметұлы

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi, хатшы

Досаев
Ерболат Асқарбекұлы

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрі»;

      көрсетілген құрамнан: Қырымбек Елеуұлы Көшербаев, Серік Кеңесұлы Нокин шығарылсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жөніндегі үйлестiру кеңесінің ережесінде:
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Кеңестің жұмыс органы Кеңес қызметін ұйымдық-ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі болып табылады.».
      10. «2030 жылға дейінгі Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың жалпыұлттық тұжырымдамасын, Әлеуметтік жаңғыртудың 2016 жылға дейінгі кезеңге арналған жалпыұлттық жоспарын әзірлеу, ең төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктерді енгізу және әлеуметтік саладағы ұлттық заңнаманы түгендеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобы мен кіші топтар құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 15 тамыздағы № 152-ө өкімiнде:
      1) көрсетілген өкімге 1-қосымшада:
      2030 жылға дейінгі Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың жалпыұлттық тұжырымдамасын, Әлеуметтік жаңғыртудың 2016 жылға дейінгі кезеңге арналған жалпыұлттық жоспарын әзірлеу, ең төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктерді енгізу және әлеуметтік саладағы ұлттық заңнаманы түгендеу жөнінде ұсыныстар әзірлеуге арналған жұмыс тобының құрамына мыналар енгізілсін:

Әбенов
Мұрат Абдуламитұлы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі, жетекші

Дүйсенова
Тамара Босымбекқызы

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

Толыбаев
Марат Еркінұлы

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

Сақтағанов
Нұрымбет Аманұлы

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

Мұқан
Шыңғыс Жұмабекұлы

Атырау облысы әкімінің орынбасары

Бисембаева
Бағила Мүбәракқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аппараты басшысының орынбасары (келісім бойынша);

      мына:

«Әбілқасымова
Мәдина Ерасылқызы

Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі, жетекшінің орынбасары

Кереева
Гүлбану Мейірғалиқызы

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Әлеуметтік саясат және мемлекеттік органдарды дамыту департаменті директорының орынбасары, хатшы»

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«Әбілқасымова
Мәдина Ерасылқызы

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, жетекшінің орынбасары

Кереева
Гүлбану Мейірғалиқызы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Әлеуметтік және көші-қон саясаты департаментінің директоры, хатшы»;

      көрсетілген құрамнан Серік Сақбалдыұлы Әбденов, Евгений Иосифович Аман, Серік Кенғанұлы Айдарбеков, Дәулет Еділұлы Ерғожин, Біржан Бидайбекұлы Нұрымбетов, Николай Петрович Тихонюк, Саят Болатұлы Шаяхметов, Әлия Кенжебекқызы Қадырбаева шығарылсын.
      2) көрсетілген өкімге 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 17 маусымдағы
№ 607 қаулысына    
қосымша        

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2012 жылғы 15 тамыздағы
№ 152-ө өкіміне   
2-қосымша      

2030 жылға дейінгі Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың
жалпыұлттық тұжырымдамасын, Әлеуметтік жаңғыртудың 2016 жылға
дейінгі кезеңге арналған жалпыұлттық жоспарын әзірлеу, ең
төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктерді енгізу және
әлеуметтік саладағы ұлттық заңнаманы түгендеу жөнінде ұсыныстар
әзірлеуге арналған кіші топтардың құрамы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласында:

Дүйсенова
Тамара Босымбекқызы

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, жетекші

Қалдыбатыр
Нұржан Сәрсембайұлы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры

Қайырбекова
Алиса Әбділқызы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Стратегиялық жоспарлау және даму департаментінің директоры

Кереева
Гүлбану Мейірғалиқызы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік және көші-қон саясаты департаментінің директоры

Крюкова
Наталья Алексеевна

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек департаментінің директоры

Санабаев
Кенжебек Өмірбекұлы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры

Бусс
Виктор Эвальтович

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Әлеуметтік және көші-қон саясаты департаменті директорының орынбасары

Оспанқұлов
Төлеген Қапақұлы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті төрағасының орынбасары

Смағұлова
Жұлдыз Қайратқызы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік және көші-қон саясаты департаментінің көші-қон саласындағы саясат басқармасының сарапшысы.

Білім саласында:

Әбенов
Мұрат Абдуламитұлы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі, жетекші

Кереева
Гүлбану Мейірғалиқызы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік және көші-қон саясаты департаментінің директоры

Байдәулетова
Әсел Серікқызы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Әлеуметтік және көші-қон саясаты департаменті директорының орынбасары

Қасымжанова
Гаухар Мұратқызы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі комитеті төрағасының орынбасары

Төлеков
Эльдар Мырзабекұлы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті директорының орынбасары

Садықова
Ардақ Мәдіханқызы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің білім беру жүйесін талдау және мониторинг жүргізу басқармасының басшысы

Көбенова
Гүлзат Ізбасарқызы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің білім беру стандарттары және бағдарламалары басқармасының басшысы

Күзенбаев
Ермек Бақытұлы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік және көші-қон саясаты департаментінің білім, ғылым, мәдениет және спортты дамыту басқармасының басшысы

Ширғатова
Рауза Рауильевна

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің әріптестік пен кәсіптік білім беруді дамыту басқармасының басшысы

Наукенов
Рахат Оспанұлы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік және көші-қон саясаты департаментінің білім, ғылым, мәдениет және спортты дамыту басқармасының бас сарапшысы

Сәметов
Елдос Дәулетұлы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік және көші-қон саясаты департаментінің білім, ғылым, мәдениет, және спортты дамыту басқармасының сарапшысы.

Денсаулық сақтау саласында:

Мусинов
Серікбол Рахымқанұлы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы, жетекші

Әмірғалиев
Еркінбек Рахымбайұлы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Заң қызметі және мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры

Кереева
Гүлбану Мейірғалиқызы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік және көші-қон саясаты департаментінің директоры

Тілеуов
Мұрат Қойшыбайұлы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры

Төкежанов
Болат Тұрғанұлы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық даму департаментінің директоры

Төлеғалиева
Ажар Ғинаятқызы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры

Бусс
Виктор Эвальтович

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Әлеуметтік және көші-қон саясаты департаменті директорының орынбасары

Пак
Лариса Юн-Бойевна

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті төрағасының орынбасары

Абдуллина
Жанар Хамитқызы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік және көші-қон саясаты департаментінің денсаулық сақтау, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғауды дамыту басқармасының сарапшысы.

Мәдениет, ақпарат және спорт саласында:

Құрманғалиева
Жанна Дулатқызы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы, мәдениет және ақпарат саласы бойынша жетекші

Қанағатов
Елсияр Баймұхамедұлы

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары, спорт саласы бойынша жетекші

Кәрібжанова
Роза Самидоллақызы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары

Нұрмаханов
Арыстанбек Нұрмаханұлы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары

Әбсаттаров
Марат Раушанбекұлы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары

Қазбеков
Қанат Мелдебекұлы

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Дене шынықтыру департаментінің директоры

Қамзебаева
Дариға Үсейінқызы

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Стратегиялық даму департаментінің директоры

Кереева
Гүлбану Мейірғалиқызы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік және көші-қон саясаты департаментінің директоры

Байдәулетова
Әсел Серікқызы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Әлеуметтік және көші-қон саясаты департаменті директорының орынбасары

Нұржанова
Жанна Нұржанқызы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары

Досаева
Жанар Рысбайқызы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Стратегиялық жоспарлау және халықаралық ынтымақтастық департаментінің жиынтық талдау басқармасының басшысы

Күзенбаев
Ермек Бақытұлы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік және көші-қон саясаты департаментінің білім, ғылым, мәдениет және спортты дамыту басқармасының басшысы

Сәрсенова
Индира Досымбекқызы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Стратегиялық жоспарлау және халықаралық ынтымақтастық департаментінің стратегиялық жоспарлау басқармасының басшысы

Сләмова
Құралай Бөкейханқызы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік және көші-қон саясаты департаментінің білім, ғылым, мәдениет және спортты дамыту басқармасының бас сарапшысы

Сәметов
Елдос Дәулетұлы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік және көші-қон саясаты департаментінің білім, ғылым, мәдениет және спортты дамыту басқармасының сарапшысы.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында:

Әбдірайымов
Ғалымжан Райылұлы

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары, жетекші

Байсүгірова
Мира Сәрсенбайқызы

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Тұрғын үй шаруашылығы департаменті директорының орынбасары

Мырзағалиева
Әлия Ерболатқызы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаменті директорының орынбасары

Титова
Ольга Александровна

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Коммуналдық шаруашылық департаменті директорының орынбасары

Әбдікәрімов
Марғұлан Жеңісұлы

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Тұрғын үй құрылысы департаменті тұрғын үй құрылысын дамыту басқармасының басшысы

Жүкенова
Алма Қаратайқызы

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Әкімшілік жұмыстар департаменті жинақтау-талдау басқармасының басшысы

Исенова
Динара Олжабайқызы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Экономика салаларын дамыту департаментінің инфрақұрылымды және экологияны дамыту басқармасының басшысы

Мыңқараев
Жәнібек Зәкірұлы

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Ғылыми-техникалық саясат және нормалау департаменті құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы жаңа технологиялар басқармасының басшысы

Бишенова
Ләззат Қайроллақызы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Экономика салаларын дамыту департаментінің инфрақұрылымды және экологияны дамыту басқармасының бас сарапшысы.

Қоршаған ортаны қорғау саласында:

Дерновой
Анатолий Григорьевич

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жауапты хатшысы, жетекші

Мұқанова
Диана Кенжебекқызы

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық заңнама және құқықтық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары

Мырзағалиева
Әлия Ерболатқызы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаменті директорының орынбасары

Суворова
Ольга Николаевна

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және мониторинг департаменті директорының орынбасары

Сқақов
Рауан Бауыржанұлы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Экономика салаларын дамыту департаментінің өнеркәсіп және ауыл шаруашылығын дамыту басқармасының басшысы

Сапарымбетов
Сәдуәқас Бауыржанұлы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Экономика салаларын дамыту департаменті өнеркәсіп және ауыл шаруашылығын дамыту басқармасының сарапшысы.