"Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 725 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 маусымдағы № 592 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 725 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөнінде ведомствоаралық комиссияның құрамына:
Сағынтаев                - Қазақстан Республикасы Премьер-
Бақытжан Әбдірұлы          Министрінің бірінші орынбасары -
                           Қазақстан Республикасының Өңірлік даму
                           министрі енгізілсін;
      мына:
«Досаев                  - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Ерболат Асқарбекұлы        даму және сауда министрі»
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Досаев                  - Қазақстан Республикасы Экономика және
Ерболат Асқарбекұлы        бюджеттік жоспарлау министрі»;
      көрсетілген құрамнан Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов, Салидат Зекенқызы Қайырбекова, Бауыржан Әлімұлы Мұхамеджанов, Қадырхан Махмұдұлы Отаров, Бергей Сәулебайұлы Рысқалиев шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    С. Ахметов